Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру әдістерінің бірі ретінде жұмысқа қоғамның барлық мүмкіндіктерін тарту

21-22 шілдеде Қарағанды  қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің өңірдегі басшыларымен Партия хатшысы Қ.Жұмашевтің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының Бірінші орынбасары О.Әбдікәрімовтың, Қарағанды облыстық партия филиалының Төрағасы К.Оспановтың, сондай-ақ, облыстық прокуратура,  Мемлекеттік қызмет жөніндегі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаменттерінің, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің  қатысуымен республикалық семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңестің жұмысына Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша  департаментінің қызметкері  М. Ахметқалиев қатысты.

Қарағанды облысының әкімі  Н. Әбдібеков семинарға жиналғандардың алдындағы құттықтау сөзінде Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатын бұл реформаны іске асыру үшін «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» әлеуметтік және экономикалық  тұрғыдан алғандағы маңыздылығын, сонымен бірге,  мемлекеттік аппараттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алмай аталған реформаны жүзеге асыру мүмкін емес екендігін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес Төрағасының Бірінші орынбасары О. Әбдікәрімов өз баяндамасында Бағдарлама міндеттерінің ауқымдылығын түсінбеуден, жұмысқа қоғамның жөнді тартылмауынан   партиялық жұмыстың тиімділігі төмендеп бара жатқанын атап өтті.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша өңірлердегі Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде «Жемқорлықсыз ел- гүлденген ел» партиялық жобаның іске асырылуы бойынша партиялық бақылау комиссия жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін ұсыныстар пысықталды.

 

0
0
363

Осы тақырып бойынша

Партиялық жұмыстың тиімділігін арттыру әдістерінің бірі ретінде жұмысқа қоғамның барлық мүмкіндіктерін тарту - Yvision.kz