Көкшетау қаласының әкімдігіндегі дөңгелек үстел
А.ж 5 желтоқсанда Көкшетау қ. әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстелдерді өткізу аясында Көкшетау қ. жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Сыздықов, Көкшетау қ. Әкімінің орынбасары И. Юрченко, қалалық мәслихаттың депутаттары, Көкшетау қ. мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда іске асырылып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін, оларды жетілдіру мәселелерін талқылау, шет елдердің сыбайлас жемқорлықты жүзеге асыру және осы мәселенің әлемдік тәжірибеде ойдағыдай қолданылып жүрген бас…



