Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Құқық қорғау органдарына іріктеудің жаңа тәртібі

2016 жыл әрбір қазақстандық үшін маңызы зор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен ерекшеленетіні белгілі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуы мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің ауысуымен, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың құрылуымен және мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру үрдістерімен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта елімізде Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі «100 нақты қадам»   Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, оның біріншісі «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» болып табылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңының   маңызды аспектісі оның базалық нормаларының құқық қорғау органдарына да таралуымен байланысты.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда аталған Заңның, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтар құқық қорғау органдарымен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде олардың жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда, уәкілетті органда тесттен өтетіні туралы баяндалатын нормасы қолданысқа енгізіледі. Яғни құқық қорғау органдарына алғаш рет орналасатындар үшін іріктеу тәртібі әкімшілік мемлекеттік қызметке ұқсас болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 «Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келесі жылдың басынан бастап құқық қорғау қызметіне түсу үшін үміткерлер заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және әңгімелесуден үміткердің өтінішінде көрсетілген тестілеу бағдарламасы бойынша өтеді.

Құқық қорғау органдарына іріктеуге арналған жаңа механизм барлық органдарға бірыңғай белгіленген 3 тестілеу бағдарламасынан құралған. Заңнаманы білу деңгейін анықтауға арналған тестілеу кандидаттардың теориялық білімін анықтауға бағытталған. Бірінші бағдарлама жоғарғы басқарушы құрамға арналған және 9 құқықтық нормативтік актілерінен тұрады. Кандидаттарға қойылған 135 сұрақтын 95 дұрыс жауап беру қажет. Екінші бағдарлама орташа басқарушы құрамының лауазымдарына анормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар бар. Аталған бағдарлама бойынша 105 сұрақ қойылады, сонын ішінде 63 дұрыс жауап берілуі тиіс. Үшінші бағдарлама кіші басқарушы және қатарлы құрамына арналған және 5 заңнан тұрады. Бұл бағдарлама бойынша ең аз дегенде 75 сұрақтың 35 жауап беру қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бұл құжат бір жыл ішінде жарамды.

Заңнамадан тестілеу қорытындысы бойынша сертификатты алған үміткерлер екі бағдарламадан тұратын тест нысанындағы жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.  Бірінші бағдарламасы бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 120 сұрақты қамтиды,  орындау уақыты 90 минутты құрайды. Екінші бағдарлама бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті айқындауға бағытталған 96 сұрақты қамтиды, орындауға 75 минут беріледі.  Жеке қасиеттерін бағалау бойынша арнайы қорытынды беріледі. Жеке қасиеттерін бағалау үміткерлердің мықты жақтары мен кемшіліктерін, үміткерлердің қабілеттіліктерін анықтап, соның ішінде, азаматтардың қажеттілік мүдделеріне және қасиеттеріне хабардар болуын,  адамдармен жұмыс істеу қабілеттерін, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, әдептілігі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін анықтауға көмектеседі.

Тестілеу нәтижесі бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау бойынша қорытынды үміткерлерге барлық құқық қорғау органдарында өткізілетін байқауға қатысуға құқық береді.

Тестілеуден өту үшін  электрондық үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алдын-ала жазылу қажет. Үміткердің өзіне ыңғайлы уақытын, өту күнін және қаланы белгілеу мүмкіндігі бар. Тестілеу Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде және оның аумақтық бөлімшелерінде  өткізіледі.

Процедураның айқындығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында тестілеу залдары мобильді байланысты бәсендету  құралдымен,  үміткерді айқындау мақсатында  кард-ридерлермен, әрбір жұмыс орны үміткерді фотоға түсіру мақсатында және тестілеу процессінің бейне жазбасын жүргізу үшін веб-камераларымен жабдықталған. Тестілеуге Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын жеке сәйкестендіру құжаты бар үміткерлер қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында XXI-ғасырда дамудың басты факторы қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту екендігін айтып өтті. Құқық қорғау органдарының тәртібіне енетін жаңашылдықтар өз пайдасын әкелетінін атап өту керек, өйткені кадрларды іріктеудің жаңа тетігі үміткерлерді жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін үш кезеңнен құралады.

Үміткерлер тестілеу үшін құжаттарды тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті алу үшін Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінен 40-27-98 телефоны бойынша немесе Көкшетау қаласы, Горкий көшесі 73 (4 қабат), №408 кабинет мекенжайы бойынша ала алады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

Райхан Братаева Департамент госслужбы

0
0
528

Қоғамдық қабылдау жұмысының қорытындылары талқыланды

А.ж. 14 желтоқсанда «Жас Отан» жастар қанаты  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясындағы Қоғамдық қабылдау  жұмысының қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Департамент басшысы Б. Беспалинов, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Жанашев, «Жас Отан» ЖҚ төрайымы Ж. Жүнісова, мемлекеттік қызметшілер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.Қоғамдық қабылдау сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру  бойынша,   Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қзмет,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі салаларындағы  заңнамалары талаптарының орындалуына қатысты  азаматтық бастама орталығы болуға құрылған. 2016 жылдың тамыз айынан бастапАқмола облысының Қоғамдық қабылдауына 150-ден астам азамат жүгінді.Іс-шараның қорытыныдылары бойынша қатысушылар сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды тартудың маңызы зор екені жөнінде тұжырым жасады.

Департамент госслужбы

0
0
321

Өзекті әңгіме

А.ж. 29  қарашада  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Бірінші нституттық реформаны ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі желілік кесте- жоспарды іске асыру аясында  Департамент басшысы Б. Беспалиновтың  қатысуымен «Актуальная тема» тікелей эфир бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарлама барысында  «ҚР Мемлекеттік  қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  ҚР Заңдарындағы өзгерістер  жайлы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» облыс өңірінде  жүзеге асырылуы туралы, Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы жайында, сонымен қатар, өңірде жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шаралардың нәтижелері  туралы әңгіме өрбіді. Әңгімені қорыта келе, Б.Беспалинов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі өзгеруі оның алдын алуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, келер ұрпаққа қазақстандық патриотизм және жемқорлыққа төзбеушілік  рухында тәрбие беру біздің қызметіміздің негізгі басымдығы болып табылады», – деп атап өтті.
Департамент госслужбы

0
0
303

«Адал жол-Честный путь» марафоны мәресіне жетті

А.ж. 9 желтоқсанында «Достар» мәдениет сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адал жол-Честный путь» форумын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, облыстың барлық өңірлерінде өткен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының қорытындыларын шығару.

Марафонға қатысушылар өздерінің фотосуреттері мен игі тілектерін естелік ретінде қалдырған Кітап марафонның өзіндік символына айналды. Форум барысында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары А. Хамиев Марафон кітабын Департамент басшысы Б. Беспалиновке салтанатты түрде табыс етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі  үшін бірінші, екінші және үшінші орындар үшін құрмет грамоталарымен Астрахан, Жақсы, Ерейментау аудандарының белсенділері марапатталды. Марафонға белсенді қатысқандары үшін Степногорск қ., Бұланды және Шортанды аудандарының өкілдері «Бірегей шешім» «Әлеуметтік мәселеге заманауи көзқарас» және «Кері байланыс» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар, «BBS-IT» талдау орталығы» ЖШС директорының орынбасары   Г. Әбілмәжінова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік мониторинг» номинациясы бойынша марапатталды.«Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының өңірімізде а.ж. 1 сәуірінде бастау алғанын атап өткен жөн. Марафон өткізу аясында үш жүз сексеннен астам іс-шаралар өткізілді, солардың ішінде түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар, ақпараттық кеңістікке екі жүзден астам ақпарат жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін  қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен халықтың барлық топтары, атап айтқанда, мемлекеттік құрылымдардың, азаматтық сектордың, жастардың өкілдері, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балалар қамтылды. Марафон аясында өткізілген іс-шараларға жалпы саны қырық жеті мыңнан астам адам қатысты.

Форумға облыстың барлық өңірлерінен үш жүз сексеннен астам адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
475

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы дөңгелек үстел

А.ж 8 желтоқсанда Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ филиалында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстелдерді өткізу аясында  ХҚКО қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы – мемлекеттік қызметшілер халықпен тығыз байланыста болатын жағдайдағы қоғамдық өмірдің бір ережесі ретінде ашу.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің басшысы Б. Беспалинов, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КАҚ филиалы директорының м.а. Ш. Ерғалиев, Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов, «ХҚКО» департаментінің құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Құсайынов, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов пен «ХҚКО» департаментінің құжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Құсайынов «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі мен тиімділігі» тақырыптарындағы баяндамалар оқыды.Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Департамент басшысы  Б. Беспалинов Ақмола облысы тұрғындарының барлық топтарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру жөніндегі  жүйелі жұмыс  жүргізіліп отырғанын және бұл бағытта оң нәтижелердің баршылығын,  дегенмен, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын туғызуға бағытталған жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Департамент госслужбы

0
0
585

Марафонның Зеренді ауданындағы аяқталу кезеңі

Зеренді ауданында а.ж. 23 қарашасында бастау алған «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонның шешуші кезеңінде  салтанатты шара өтті, онда дәстүрлі облыстық мега-жобаның қорытындылары жасалды.

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданында 18 іс-шара өткізілді: Сандықтау ауданынан «эстафета алауын» салтанатты түрде қабылдау, 3 дөңгелек үстел, акция флеш-мобы, мемлекеттік қызметкерлер арасында 2 спорттық іс-шара, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері және оқушылары арасында балалар суретінің 2 конкурсы, балалар ертеңгіліктері, дебаттар, жастар форумы, дәрістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның 2 мәжілісі, ақпараттық сағат және марафонның аяқталуы бойынша салтанатты іс-шара.

Біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат мемлекеттің өркениетті және экономикалық дамуын қалыптастыру жағдайында ең маңызды міндеттерді шешу болып табылады. Себебі сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, қоғамда демократиялық жаңартулардың жүзеге асуын тоқтатады. Ең бастысы – адамдарда қоғамдық құндылықтарға, заң мен әділеттілікке деген сенімді жойдырады.

Азаматтық қоғамның дамуы құқықтық мемлекетті құрудың маңызды қадамы болып табылады. Және ағымдағы жылы марафон арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту үшін ауданда қоғамды және оның институттарын максималды түрде жұмылдыру болды, ол сыбайлас жемқорлықтың кез келген төзімсіздігіне «нөлдік» атмосфераны құру, сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарға білім беру және тәрбиелеу болып табылады.

Ол үшін екі апта ішінде әр түрлі жастар мен әлеуметтік топтардағы зеренділіктерді 2570 адамнан құрылған тұрғындарды жалпы қамтумен әр түрлі диалогтік алаңшалар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдеріне үйретті.
Департамент госслужбы

0
0
445

Аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу

А.ж. 7 желтоқсанда  Департамент Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында  «Достық үйінде»   орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық департаменттерінің қызметшілерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізудің  негізгі мақсаты – Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайтадайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығыныңдиректоры А. Баймағамбетов, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
293

«Оны әрбір адам білуі керек!» ақпараттық сағаты

А.ж. 7 желтоқсанда  облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді аудандық кітапханасында «Оны әрбір адам білуі керек!» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А. Симакова, кітапханашы-өлкетанушы Г.Ғабдульманова тыңдаушылармен үгіттеушілік-ақпараттық жұмыстарды өткізді және сыбайлас жемқорлық тақырыбында буклеттер таратты. Аталған іс-шараға 20 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
631

Облыстық басқармалардың өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстел

А.ж 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша  департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында  Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізудің  негізгі мақсаты – Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің жұмысына  Департамент басшысының орынбасары Д.Хайруллин, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Сыздықов, облыстық басқармалардың өкілдері, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының директоры Ә. Баймағамбетов пен Департаменттіңсыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев «Мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық және оның салдары» және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбындағы баяндамалар оқыды.

Кездесудің соңында қатысушылар бірегей шешім қабылдап, сол шешімнің негізінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігі жөніндегі пікірлерімен бөлісті.

Департамент госслужбы

0
0
273

«Ақша жүрген жерде ар-намыс үндемейді»

А.ж. 6 желтоқсанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінде «Ақша жүрген жерде  ар-намыс үндемейді» атты жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері арасында дәріс оқылды.
Аталған іс-шараға Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінің жалпы саны 45 адам жеке құрамы қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
357