Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзекті әңгіме

А.ж. 29  қарашада  Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Бірінші нституттық реформаны ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі желілік кесте- жоспарды іске асыру аясында  Департамент басшысы Б. Беспалиновтың  қатысуымен «Актуальная тема» тікелей эфир бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарлама барысында  «ҚР Мемлекеттік  қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  ҚР Заңдарындағы өзгерістер  жайлы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері туралы, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның» облыс өңірінде  жүзеге асырылуы туралы, Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы жайында, сонымен қатар, өңірде жүргізіліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс-шаралардың нәтижелері  туралы әңгіме өрбіді. Әңгімені қорыта келе, Б.Беспалинов: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түбегейлі өзгеруі оның алдын алуда. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, келер ұрпаққа қазақстандық патриотизм және жемқорлыққа төзбеушілік  рухында тәрбие беру біздің қызметіміздің негізгі басымдығы болып табылады», – деп атап өтті.
Департамент госслужбы

0
0
274

Осы тақырып бойынша