Стандарттар мен регламенттердің сақталуы жөнінде
А.ж. 25 сәуірде Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Қ. Мұхамеджанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Целиноград ауданының ішкі істер бөлімі аппаратында және Целиноград ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғалармен семинар өткізді.
Семинар барысында бақылау және қайта тексеру шараларының қорытындылары қаралды, мемлекеттік қызмет саласындағы заңның негізгі аспектілері талқыланды. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметшілеріменмемлекеттік қызмет көрсету барысында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттерін және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау жөнінде әңгіме-лекция жүргізілді.

