Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ көмекке келеді!

А.ж. 21 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті, кәсіпкерлер палатасы, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың халықпен кездесуі өтті.

Жұмыс барысында мобильді топ «Новопэк» ЖШС ұжымымен кездесіп, жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсері туралы айтты.

Сондай-ақ, мобильдік топ «SMALL» көтерме сауда маркетінде және «Бурабай»  спорттық кешенінде болып, тұрғындар арасында жемқорлық фактілерімен кездескен шақта қалай әрекет ету жөнінде ақпарат беріп, арнайы борщюралар табыс етті.

Жемқорлыққа қарсы мобильдік топ аптасына екі рет облыс орталығында және аудандарда жүзеге асырады.
Департамент госслужбы

0
0
308

Осы тақырып бойынша

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ көмекке келеді! - Yvision.kz