Ұстаздар жемқорлыққа қарсы
А.ж. 26 сәуір күні Жақсы ауданың Жаңакима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы орта мектебіңде Г. Абдрахманов атындағы орта мектеппен бірге «Адал жол – Честный путь» тақырыбына пікірталас өтті. Пікір сайысты Қ. Өскенбаев атыңдағы мектеп психологы Пасарар Н.Г жүргізді.
Іс-шараның мақсаты: оқу-ағарту, насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру; позитивтік тәрбие қарым-қатынастар, адамгершілік нормалар негізін құрайтын тұлғалық деңгейін, олардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру.
Іс-шаралар арқылы адал оқушыларды тәрбиелейміз деп үміттенеміз.
Сайысқа Жаңақима ауылының Қ. Өскенбаев атындағы орта мектебі мен Г. Абдрахманов атындағы орта мектебінің 14 ұстазы қатысты.
