Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының бекітілгенін хабарлайды.

Бұйрық ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде а.ж. 19 сәуірінде ресми жарияланды және осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталған қағидалардың мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://zan.gov.kz/#!/doc/111187/kaz.

Департамент госслужбы

0
0
360

Осы тақырып бойынша