Транспарентті және есеп беретін мемлекет оқушылардың көзімен
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен Ақмола облысының білім басқармасы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысы жоспарының аясында, ағымдағы жылдың сәуір айында 9-11 сынып оқушылары арасында «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» тақырыбындағы бейнероликтер байқауын өткізді.
Байқаудың басты мақсаты – ашық және қоғамға есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешудегі Қазақстанның жетістіктерін көрсету.
Байқауға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне "мүлдем төзбеушілік" қағидасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық жұмыстарын (бейнероликтерді) ұсынды.
№5 «Таңдау» көпбейінді мектеп-гимназиясының оқушысы, «Выбор» бейнеролигінің авторы Әліби Мұқышев: «Әр адам өз бойында адалдық, отансүйгіштік, парасаттылық қасиеттерін тәрбиелемейінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай тәсіл қолданылмасын, барлығы да мәнсіз болады», - деп өз пікірін айтты.
Қазылар алқасының шешімімен орындар келесідегідей болып бөлінді:
I орын – Ақкөл ауданы, №1 Ақкөл орта мектебі;
II орын – Есіл ауданы, Свобода орта мектебі;
Еңбекшілдер ауданы, Казгородок орта мектебі.
III орын –Атбасар ауданы, №2 Атбасар орта мектебі;
Көкшетау қаласы, №2 мектеп-лицей;
Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясы.
Жүлделі орын алғандар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің және Ақмола облысы білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің грамоталарымен, қатысушылар алғыс хаттарымен марапатталды.
Аталған іс-шара жөніндегі бейнебаян келесі сілтеме бойынша қолжетімді:https://www.youtube.com/watch?v=dp7XC3PS6Xg
