Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне арналған семинар
2017 жылғы 21 сәуірде Департаментпен Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкелеріне арналған семинар өткізілді.
Семинар жұмысына мемлекеттік органның 20 мемлекеттік қызметшілері қатысты.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі аспектілері» тақырыбы бойыншаҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы (бұдан әрі - Басқарма)Е.К. Сулейменов баяндама жасады.
Семинарға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнебаяндар көрсетілді, Ақмола облысындағы Әдеп кеңесінің жұмыс тәжірбиесінен тиісті мысалдар келтірілді.
Басқарманың бас маманы А.А. Жанзакова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесі туралы» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Семинар барысында барлық қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

