Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Құқық түсіндіру жұмысы

Әрбір мемлекет өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес қоғамның қатысуына жәрдемдесетін және құқық тәртібі принциптерін, көпшілікке арналған істер мен көпшілікке арналған мүлікті басқаруды, адалдықты және параға сатып алмаушылықты, ашықтық пен жауапкершілікті бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді және үйлесімді саясатын жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін, жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында Департамент тұрақты түрде құқық түсіндіру жұмысын жүргізеді. А.ж. 20 сәуірде Департамент қызметкерлері Е. Кенжалин мен А. Галеева «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалында семинар –кеңес өткізді. Семинар барысында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріні…

0
0
632

Степногорск қаласына жұмыс сапары

А.ж. 19 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қары іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының және қызметкерлерінің Степногорск қаласына жұмыс сапары болып өтті. Жұмыс сапары барысында Б.Беспалинов Қарабұлақ және Заводской поселкілері тұрғындарымен және қала активімен кездесу өткізді. Кездесулерге Степногорск қаласының әкімі Ә.Кумпекеев, мемлекеттік органдар басшылары, құқық қорғау саласы, орта білім беру мектептері директорлары және ауылдық окріг тұрғындары қатысты. Іс-шаралар барысында Департамент басшысы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет имиджін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату мәселелеріне ерекше назар аударды. Қорытындылай келе, ведомство басшысы кездесу барысында туындаған сұрақта…

0
0
288

Флешмоб өткізу дәстүрге айналды

А.ж. 20 сәуірде Атбасар ауданында «Адал жол- честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында флешмоб өтті.

Қатысушыларға «Бірге болсақ, жеңілмейміз!» девизімен өткен іс-шараның негізгі мақсаты түсіндірілді.

Мектеп оқушысының айтуы бойынша, кез келген адам жемқорлыққа білімсіздігінен барады, ал біз өз тарапымыздан халықты дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етуіміз керек. Флешмоб соңында оқушылар тұрғындарға жемқорлыққа қарсы буклеттер таратып, онымен қалай күресуге болатындығын түсіндірді.

Аталған шараға барлығы 500 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
580

Жастар жемқорлыққа қарсы

А.ж. 19 сәуірде  Атбасар қалалық №1 индустриалды техникалық колледжінде шығармашылық байқау өтті. Аталмыш байқауда студенттер қызығушылық танытып, белсене қатысты. Қатысушылардың арасындағы студенттің айтуы бойынша, осындай отырыстарда жиі кездесе бермейміз.

Байқаудың басты мақсаты-жемқорлыққа қатысты афоризмдер, сөз тіркестер, цитаталар ойлап табу. Байқауда керемет көзқарастары бар студенттер белсене қатысты.

Байқау соңында, қатысушылар білім мекемелерінде жемқорлыққа жол жоқ деген байламға келді.
Департамент госслужбы

0
0
334

ҮЕҰ жемқорлыққа қарсы

А.ж. 19 сәуірде Атбасар ауданында  үкіметтік емес ұйымдар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің  күшін біріктіру» атты дөңгелек үстел өтті.

Олар жалпы қоғамдық мәселе - жемқорлық туралы көп естиді. Бірақ, біз, қоғам болып, бір жағадан бас шығарып біріксек ел боламыз, барлық қатерді жеңеміз.

Қазір жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Осы орайда,  ҮЕҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрып, келер ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге ат салысуы қажет.
Департамент госслужбы

0
0
353

Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас

Департамент госслужбы

А.ж. 18 сәуір күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Атбасар қаласының №8 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында пікірталас өтті.

Пікірталастың мақсаты – оқушылардың өз пікірін еркін жеткізіп, оны дәлелдеу қабілетін дамыту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрінде шыдамдылық пен құқықтық мәдениетке дағдыландыру, өз еліне деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.

Іс-шара барысындағы оқушылардың ойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың үлесі бірінші кезекте болуы тиіс. Жалпы, пікірталас түрінде өтетін шаралар қызықты әрі пайдалы. Бұл өзінің оңтайлы нәтижесін береді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен жақынырақ танысты.

0
0
1440

Шенеунік. Кәсіпкер. Жемқорлық.

А.ж. 17 сәуір күні Атбасар аудандық кәсіпкерлер палатасында «Адал жол – честный путь» марафоны аясында шенеуніктер мен кәсіпкерлердің кездесуі өтті.

Кездесудің басты мақсаты-жемқорлықтың барлық түрлеріне «нөлдік» шыдамдылық таныту атмосферасын қалыптастыру.

Кездесу барлық қатысушыларға өте пайдалы және оң әсерін тигізді.  Қорытыңды бойынша  мемлекеттік органдардың өкілдері өз алғыстарын білдіріп, осындай ашық диалогқа әрқашан дайын екендіктерін айтты.

Департамент госслужбы

0
0
353

Мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-тренинг өтті

А.ж.  17 сәуір күні Департаменттің бастауымен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Атбасар  ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-тренинг өтті.

Шара барысында қатысушылар жемқорлықтың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті.

Департамент госслужбы

0
0
253

«Жүргізушілер мен жолаушылар жемқорлыққа қарсы» акциясы

Жемқорлықты жою – халқымыз бен мемлекетіміздің басты құндылығы – Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты шарты. Тек азаматтық қоғам секторлар, барлық мемлекттік органдар, бизнес және ғылым саласы өкілдері бірлесіп біз осы түйіткіл мәелені шешіп, Қазақстанның өркендеуін қамтамасыз ете аламыз.

А.ж. 14 сәуірде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында, қаламыздың қоғамдық көліктерінде «Жүргізушілер жемқорлыққа қарсы» атты акциясы өтті.  Акция барысында жүргізушілердің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, ақпараттық брошюралар таратылды.  Жүргізушілер мен жолаушылар бастаманы белсенді қолдап, таратылған материалдарды қызығушылықпен қарастырды.

Департамент госслужбы

0
0
312

«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясындағы брифинг

А.ж. 13 сәуірде Атбасар ауданында   Департаменттің  бастамашылық етуімен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол- Честный путь» марафоны бастау алды.  Атбасар ауданы әкімінің орынбасары К. Х. Тажденова атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы болып табылады.

Осы марафон шеңберінде 500 адам қамтылуымен 20 іс-шара өткізу жоспарланды.  Марафон барысында әр т.рлі шаралар өтеді: дөңгелек үстелдер, семинарлар, көрмелер, спорттық жарыстар, лекциялар, байқаулар, концерттер.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың мақсаты - тек мемлекеттік органдардың күресі емес, барлық қоғамның күресі.  Брифинг соңында БАҚ өкілдері тақырыпқа қатысты сұрақтар қойды.

Департамент госслужбы

0
0
280