Мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
А.ж. 25 сәуірде Көкшетау қ. №16 мектепте Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері А. Галеева «Мектеп ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді.
Аталған іс-шараның міндеті – рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын түсіндіру.
Мақсаты - мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Кездесу барысында оқушылар: «Сыбайлас жемқорлық деген не?, бұл әлеуметтік зұлымдықтың салдары қандай?, пара беруді сыбайлас жемқорлық элементі ретінде санауға бола ма?», - сынды сауалдар қойып,пара алушылар мен пара берушілерге қандай жауапкершілік шаралары қолданылатыны, ел экономикасына парақорлықтың келтіретін зияны туралы пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараға 24 адам қатысты.

