Өскелең ұрпақ жемқорлыққа қарсы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін , жемқорлық көріністеріне «мүлде төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында Департамент тарапынан жүйелі негізде құқық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
А.ж. 25 сәуірде рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында Көкшетау қаласының №17 мектебінде «Адал ұрпақ» клубының мүшелерімен кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.Галеева мен жоғары сынып оқушылары – «Адал ұрпақ» клубының мүшелері қатысты.
Әңгімелесі барысында оқушылардың адамгершілік-құқықтық білім деңгейлерін арттыру, белсенді азаматтық ұстанымды, отансүйгіштікті, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне мүлде төзбеушілікті дамыту мәселелері көтерілді.
Кездесу диалог түрінде өткізілді, әр оқушы «жемқорлық» ұғымына анықтама беріп, осы әлеуметтік зұлымдыққа қалай қарсы тұруға болатыны жөніндегі пікірімен бөлісті.
Сонымен қатар, мектептегі «Адал ұрпақ» клубының жұмысы талқыланды және осы тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.
Іс-шараға 45 адам қатысты.

