Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін Астана «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясына қатысты

Бүгін "Мега Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында "Жер сағаты" xалықаралық экологиялық акциясы өтті.
"Жер сағаты" - бұл "Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қоры" ұйымдастыратын xалықаралық экологиялық акция. Жер планетасының болашағын жақсарту мақсатында бүкіл әлем бір сағатқа жарық пен тұрмыстық электрқұрылғыларынан бас тартады. Осы уақытта әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы, Сидней опера театры, Елизавета мұнарасы және Бурж Халифа секілді үлкен ғимараттар бір сағатқа қараңғылыққа батады. Биыл бұл акцияға әлемнің 150 елі қатысты.

"Планетаны емес, өзіңді өзгерт" ұранымен өткен бүгінгі акциядан Астана да қалыс қалмады. "Мега Silk Way" сауда ойын-сауық орталығында осы акцияның құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. Көрермендермен экологияға қатысты викториналық ойындар ойнатылып, қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Ұйымдастырушылар шамдармен "60+" жазуын жазып, халықты табиғатты, жалпы өзіміз тұрып жатқан планетаны қорғауға шақырды.

Шара соңында жиналған қонақтар кері есіппен санап, Ақорда резиденциясы, "Бәйтерек" монументі, "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік пен келісім сарайы және "Хайвил" тұрғын үй кешені секілді қаланың ірі ғимараттарының жарығының сөнуіне куә болды.

1
0
872

Осы тақырып бойынша