ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Студентпен сұхбат

Атырау қаласының тумасы, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің 4-курс студенті Санай Ерсұлтанмен сұхбат.


-         Қазіргі таңда Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінде  500-ге тарта Қазақстандық студенттердің оқып жатқандығы белгілі. Сіздің таңдауыңыздың осы университетке түсуінің себебі неде?

 

-         УММТУ-нің жоғары сапалы университеттердің бірі екендігін білдім. Сонда түсуді армандадым. Әкем осы оқу орнын бітіргендіктен мен де осында түсуді қаладым. 11-сынып кезінде біздің мектепке УММТУ-нен қызметтік хат келді. Кейінірек  облыс әкімі 30 мектеп бітірушіге осы оқу орнына грант бөлгенін естіп, бағымды сынап көрдім. Бақытыма орай  30 грант иегерінің қатарына қосылдым.

- Қазақстанның қай қалаларынан  студенттер көп түседі?

 

- Батыстан көбірек түседі. Әсіресе Атырау қаласынан. Мұнайлы

астана мұнай өңдеу саласының  мамандарына мұқтаж болғандықтан

шығар деп ойлаймын.

- Ресей Федерациясындағы білім жүйесінің Қазақстандағыдан

айырмашылығы неде? Қай жақта білім алу сапалырақ деп ойлайсыз?

 

-         Шетелдік студент болып келгендіктен назарымды аудартқан бірінші нәрсе – менталитет айырмашылығы. Ал тіл қиындық тудырмады. Өйткені, мектеп кезінде орыс тілін жетік меңгердім.

Білім жүйесіне келсек, мұндағы білім Кеңес кезінен қалған жүйеге негізделген. Қазақстан жоғары оқу орындары секілді бізде аралық бақылау жоқ. Дәріс оқылады, практикалық сабақтар жүргізіледі, лабороториялық жұмыстар жасаймыз. Кейін семестр аяғында сессия тапсырамыз.

 

-         Шетелдік студенттерге өзгеше қарым-қатынас байқалады ма?

-         Жақсы жағынан байқалады. Оны әсіресе мұғалімдер тарапынан байқауға болады.

 

-         Сіздің мамандығыңыз қандай?

-         Химик-технолог.

 

-         Университет студенттерді бітіргеннен кейін жұмыспен қамтиды ма?

-         Жоқ, ол жағы қарастырылмаған. Дегенмен, 4 жыл бойы ғылыми бағытта өзін белсенді жағынан көрсеткен студенттерге әр түрлі мұнай өңдеу зауыттары шәкіртақы ұсынып, кейінірек жұмыспен қамтиды.

 

- 4 жыл аз уақыт емес. Уфаға үйреніп қалған шығарсыз. Сол жақта қалғыңыз келмейді ме?

-         Иә, үйреніп қалдым. Бізге барлық жағдай жасалған. Жатақханамен қамтамасыз етілген. Барлық оқу корпустары қасымызда. Жалпы айтқанда, студент үшін керектінің бәрі бар. Тек шәкіртақы алмаймын))

Бірақ туған жерімізді қатты сағынамыз. Оның үстіне Қазақстанға да білікті мамандардың қажеттілігін түсініп, Отанымызға оралуды дұрыс санаймыз.

 

–   Университетте Қазақстандық студенттер ассоциациясы немесе

басқа да ұйымдар бар ма? Қандас бауырлармен қаншалықты

жақынсыздар?

-         Иә, «Атамекен» Қазақстандық студенттер ассоциациясы жұмыс істейді. Жыл сайын Наурыз мейрамын, тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Бір-бірімізбен өте жақынбыз, жиі жиналамыз, шетелде жүргендіктен бір-бірімізге қамқор болып жүреміз.

-         Қазіргі мектеп бітірушілерге  УММТУ-ға түсуге кеңес берер ме едіңіз?

-         Әрине, кеңес беремін. Сапалы білім алып, білікті маман болып елге ораламын десеңіздер УММТУ-ға түсіңіздер деп айтар едім.