Қазақстанды басқарамын деген қылмыскер
(На русском) Соңғы кездері кейбір өздеріне "саясаттанушы" және "саясаткер" деп атақ қойып алған ылаңшылар "президентікке ең ылайықты адам - Әкежан Қажегелдин" деген пікір білдіруде. Тіпті, сол ылаңшылардың арасында өздерін тілші санайтын, бірақ шынында тілші емес, әйтеуір ырбындап, еліміздегі сындарлы саясатты кекетіп жүрген кездейсоқ арандатушылар да бар. Солардың айтуы бойынша - "Қажегелдин нақты саясаткер, еліміздің жанашыры, нағыз патриот" және тағы басқа теңеулер айтып әлек. Ал шындыққа келсек? "Нағыз патриот" Әкежан Қажегелдин қазақстандық сот төрелігінен соңғы 16 жыл шет елде тығылып жүр - себебі ол қылмыскер. Ол өкілеттігін асыра қолдану, бопсалаушылық, көптеген миллион доллармен саналған пара алу, заңсыз түрде қару-жарақ алу, оны сақтау мен табыстау және салықтан жалтару қылмыста…