Альтронның заманы да мәңгі емес — Тордың зілбалғасы аман болсын!
Голливуд ақша жасаудың қысқа жолын тауып, сол жолынан тайынбайтын сияқты. Мәселен, Marvel-дің комикстарына сүйеніп жыл сайын бір фильм емес, жылына бірнеше фильм шығарып үлгереді. "Кекшілердің" саны, мысалы, отыз шақты болса, кинематографшылар оларды топтарға бөліп те фильмдер шығарады ("Кекшілдер", "X-Адамдар"), сол суперқаһармандардың әрқайсысы туралы бөлек фильмдер де жасайды. Қарап отырсаң жана кейіпкерлердің керегі де жоқ - кішкентай баладан, отызға келген құрдастарға дейін барлығы біліп алған Тони Старкті де, Халкті де, Америка Капитанын да, басқаларын да жақсы танимыз.
"Альтронның заманы" ("Эра Альтрона") сол белгілі кейіпкерлердің атақтығын пайдаланып, тағы бір құлықсыз, баласы да, атасы да түсінетін оқиғаны ұсынып, қайтадан шығарушыларын бір байытпақ.
Былай қарап отырсаң, шынымен ақ шым-шытырық сюжеті де жоқ - сол баяғы: мыналарың суперқаһармандар, анау болса суперзұлым, сол суперзұлымның көзін құрту керек деген оймен жасалып отырған кейіпкерлердің іс-әрекеттері (әйтпесе суперзұлым әлемнің көзін жояды). Десек де "Кекшілдердің" сюжеті емес, басқасы қызық - сонау жылдан бері келе жатқан дәстүрлі рецепт: суперқаһармандар, суперзұлым, көбірек арнайыәсерлер, көбірек соғыс/төбелес (арасында түрлі көлікке мініп қуаласпақ ойнап төбелессе тіпті жақсы), қөбірек жарқырап барлық экранға жайылатын жарылыстар, соның барлығына әзіл қосса дәстүрлі суперқаһармандық фильм болып шыға келеді.
Қысқасы "Бідіщ! Бідіщ! Хахаха!"
Шығарушылар да риза, көрермен де риза, бас кейіпкерлер де аман-сау - дәстүрлі американдық хэппи-эндтен кейін жалғасы алда деп ишара лақтырып қойса келесі жолы тұра сондай "Бідіщ! Бідіщ! Хахаха!"-ға, сюжет демей, сәйкес келмейтін жерлеріне де қарамай экран алдына қайта ораламыз.
2018-де жалғасы болады дейді. Міндетті түрде алдымен трейлерін күтіп, қарап аламын. Егерде трейлерінде бір де бір "Бідіщ! Бідіщ! Хахаха!" болмаса, қарамаймын жалғасын, сөз берейін. Себебі "Бідіщ! Бідіщ! Хахаха!"-сыз "Кекшілдердің" несі қызық?
***
***
В Голливуде уже давно нашли кратчайший путь к хорошему заработку и отклонений от выбранного курса в ближайшее время не предвидится. Возьмём комиксы Marvel – на их основе фильмы выпускаются уже не столько ежегодно, сколько по несколько фильмов в год сразу. Например, если отряд «Мстителей» насчитывает около тридцати персонажей, то есть не только картины, выпускающиеся по множеству эпизодов, где герои действуют группой («Люди-Х», «Мстители»), так и фильмы, посвященные каждому из сверхлюдей по отдельности. Очевидно, что создателям незачем придумывать велосипед и вводить новых персонажей, кто такие Тони Старк, Капитан Америка или Халк сейчас знают и стар и млад.
«Эра Альтрона» из той же категории и нещадно эксплуатирует эти узнаваемые образы, предлагая нам очередную незатейливую историю, без претензий на сюжетные изыски, но такую, что понятна и детям, и взрослым, и, что важно, финансово выгодна авторам картины.
И действительно, если обратить внимание, то в фильме отсутствует хоть какой то намёк на запутанную интригу – всё по-прежнему: действия, разворачивающиеся по принципу – вот супергерои, а вот суперзлодей и его нужно уничтожить (иначе он уничтожит человечество). При всём при этом, «Мстители» интересны не сюжетом, а другим – традиционным рецептом создания супергеройского кино, секрет которого с годами только подтверждает свои превосходные характеристики на выходе: супергерои, суперзлодей, побольше спецэффектов, побольше драк и перестрелок (а еще лучше, если эти драки и перестрелки перемешать с погонями на всевозможных видах транспорта на земле и в воздухе), побольше масштабных взрывов на весь экран, обильно посыпать юмором и получите настоящий супергеройский фильм!
Вкратце: «Бдыщь! Бдыщь! Хахаха!»
В итоге, довольны и авторы и зрители, да и герои все целы – остается лишь после традиционного американского хэппи-энда намекнуть, что продолжение следует, и если в следующем фильме снова будет «Бдыщь! Бдыщь! Хахаха!» - мы, несмотря ни на какие ляпы и несоответствия, а также отсутствие сюжета, вновь прильнем к экранам.
В 2018-м обещают продолжение. Обязательно сначала дождусь и посмотрю трейлер. Если в трейлере не будет ни одного «Бдыщь! Бдыщь! Хахаха!» - даю слово, что не буду смотреть такое продолжение. В конце концов, смысл смотреть «Мстителей» если там нет этого «Бдыщь! Бдыщь! Хахаха!»?
