Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ответ Баян Есентаевой журналисту газеты «Айқын»

От администрации корпоративного блога телеканала "Хабар":

В прошлый четверг в итоговом выпуске республиканской газеты "Айқын" (в толстушке) вышел материал с заголовком "КӨШІРМЕ ЖОБАДАН» ҚАШАН ҚҰТЫЛАМЫЗ?", критикующий телевизионный проект "Жұлдызды дода - Звездные войны" телеканала "Хабар". Та статья была субъективного характера, и вероятно, именно в виду того, что не совпадала в целом с позицией редакции, была удалена с веб-сайта издания. Сегодня мы публикуем ответ продюсера и ведущей проекта "Жұлдызды дода - Звездные войны" Баян Есентаевой журналисту газеты "Айкын" и специально выбрали в качестве первой площадки для размещения интернет-портал Yvision.KZ

«Көшірме жоба» деген «жауыр» айыптаудан қашан құтыламыз?

«Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегенді дана халқымыз бағзы заманда аманат етіп қалдырды. Бір қарағанда «бір-біріңді оңдырмай сынаңдар, сонда ғана адам боласыңдар» деген сияқты мағына береді атүсті ойлайтындар үшін. Шын мәнінде сыналатын объектіден бұрын өзіңнің «санаңды» түзе, содан кейін сына дегенді меңзейді емес пе... Бұл тұжырыммен келіспейтіндер де табылады, оған сенім мол. Дегенмен, «сыншылдық пен міншілдіктің» ара-жігін ашып көрейік.

Классикалық мысал, «Айқын» газетінің бетінде жарық көрген «Көшірме жобадан» қашан құтыламыз?» деп аталатын мақала. Сынға іліккен «Хабар» арнасындағы «Жұлдызды дода» жобасы. Негізі бұл жоба ортасынан ауғалы қашан, енді үш аптада өз мәресіне жетеді. Мақаланың мәтініне қарағанда «автор» одан хабарсыз сияқты. Бұл доданың ережесінен бастап, мақсат-мүддесін, тіпті жюриге келмеген тұлғалардың ата-тегін тізбелеп шығыпты. Тіпті,  қазылар алқасының әділдігіне де күмән келтірген. Оған себеп білікті вокалист, музыкант Бағым Мұхитденова түрткі болғанға ұқсайды. Өйткені ол Баян Есентаеваның туған сіңлісі. Демек, бір отбасында біреу танымал болса, екіншісінің «мықты маман» болуы біз үшін «нонсенс». Біз үшін түсініксіз жағдай.

Мақалада автор кейбір «балама» яғни «көшірме» бағдарламаларды салыстырыпты. Мысал ретінде бұл жолы Украина алынған. (әдетте ресейді жалау етуші еді, автор ерекшеленіпті әріптестерінен, респект). Бірақ, салыстыратын теле-шоуды шатастырыпты. Украинада бұл формат бойынша екі теле-шоу жарыққа шыққан, «Шоу маст гоу он», «Как две капли», Ал, «100 пайыз» деген нұсқасын іздеп көріп едік, таппадық. Автор мүмкін «31 арнадағы» жобаны меңзеген шығар, ол жағы біз үшін жұмбақ. Жаңағы «100 пайыз» деген бағдарламада грим мәселесі мінсіз көрінеді. Тіпті кейбір образдарды эфирдің алдында алып тастапты. Ал, «Жұлдызды жобада» аты аңызға айналған тұлғаларды «мазақ» еткен. Арнайы пластикалық грим – бұл өте күрделі кәсіп. Жаңағы «аузының суы құрып» салыстырып отырған украиндық және ресейлік жобалардың өзінде грим 100 пайыз сәтті шыға бермейді. Оны көзіқарақты көрермен көзімен көрді. Бұл бірінші мәселе, екінші мәселе – беттің анатомиялық ерекшеліктері. Естеріңізде болса, ресейлік шоудағы Анита Цойдан кімді жасаса да оның табиғи бет әлпетін жасыру мүмкін болмады. «Жұлдызды жобада» жұмыс істеген гримерлер «мүмкін» амалдың бәрін жасады. Ал, біздің әншілердің талантына күмән келтірудің орны жоқ. Бұл шоу, қатысушылардың әлеуеті де әртүрлі.

Енді тарихи тұлғаларды сомдауға тоқтала кетсек. Иә,біз ең алдымен қазақ өнерінің майталмандарын жаңғыртуды мақсат еттік. Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Мәдина Ералиева. Дәл осы тұлғалардың образына барынша жауапкершілікпен қарадық. Көрерменнің әлеуметтік желілерде жазған пікірлеріне қарағанда «Жұлдызды жобада» олардың кейпі «құбыжық» болған жоқ, Дәл осыны теріске шығару, «жақсыны көрмеу, көрсе де мойындамау» деген ұстанымның иегері.

Жалпы, кез-келген адамның жеке пікірі мен көзқарасы болады. Орысша айтқанда «о вкусах не спорят». Қоғамдық пікірдің қайнап жатқан ортасы – ғаламтор, яғни әлеуметтік желілер. Халық пен танымал тұлғалардың арасындағы көпір десеке те болады. Соңғы уақыттарда тіпті арнайы әлеуметтік зерттеулер жүргізудің де қажеті шамалы болып қалды. Ал, басылым бетінде сыни мақала жазу үшін ең алдымен «телевизия сыншысы» болуың керек. Әншейінде ресеймен салыстыруда алдарына жан салмайтын біздің қалам ұстаған жамағат Ирина Петровская, Анатолий Лысенко, Виталий Манский сияқты «телесыншылардың» еңбектерін бір қарап шықса игі болар еді.

Сөз соңында статистиканы сөйлете кетсек, «Жұлдызды жоба» тұсауы кесілген күннен бастап өз көрерменін тапты. Оған арнайы агенттіктер дайындайтын рейтингтер куә. Егер, көрермен көрсе, әр жұманың кешінде күтіп отырса, жобаның жемісті болғаны. Қазір телевизияның ұсынары көп, «құнары» жоқ «құнсыз» дүниені күштеп көрсете алмайсың. Ол хақ.

-3
4
624

Осы тақырып бойынша

Ответ Баян Есентаевой журналисту газеты «Айқын» - Yvision.kz