Өлі мекен
Қазіргі кинематограф біртума хикаяларға зар болғанымен, ұрыс\төбелеске толы біріне бірі ұқсас фильмдердің арасында да өзіндік шығармалар кездеседі. Әрине, мүлде ерекше киношығарманы кездесу өте қиын, бірақ ондай да мүмкіндік бар. Мысалы 2014 жылы жарық көрген Жаңа Зеландияның «Өлі мекен» («The Dead Lands») атты көркем фильмі.

Қысқа мазмұны:
Оқиға ақ адамның елдендіруіне дейінгі Жаңа Зеландияда болады. Жерлікті тайпалардың арасында қанды жосықа айналатын тоқтамайтын соғыстар жүріп жатады. Сол жағдайда жалғыз бір тайпа ғана ешкіммен соғысқысы келмей бейбіт өмір сүріп жүреді. Бір күні сол өңірге басқа тайпаның жаунгерлері сонда жерлеңген әруақтарына құрмет көрсету үшін келеді де, бірақ өздерімен бірге көптен қан төгілмеген жерге соғыс алып келіп барлығын қырып тастайды. Жалғыз аман қалаған адам – тайпа басшысының ұлы. Әкесінен, қандастарынан айырылған жас бала барлық күшін салып кек алуға бас бұрады. Бір өлі мекенде барлық тайпаларға әйгілі, жеңіліп көрмеген батырмен танысып сол жауынгерден Маори тайпасының жекпе-жек шеберлігін үйренеді. Ақырында он алтыға толмаған бала қысқа мерзімде дамып руын қырып кеткендердің ізіне түседі. Кегін алуға баланың күші мен шеберлігі жетедіме – оны білу үшін фильмді көру керек.
«Бұл фильм қай белгілі кинотуындыларға ұқсас?» деген сұраққа бір жауап – «Өлі мекен» өзге туынды. Ең жақыны Мэл Гибсонның «Апокалипсис» атты көркем фильмі, бірақ онда бас кейіпкер қашқын болса, мындағы кейпкер қулаушы. Тіпті, «Апокалипсис»ке қарағанда «Өлі мекен»дегі экшн әлде қайда жоғары.
Оның да сыры белгілі, себебі сценарийін жазған Глен Стендринг. Одан бұрын ол автор әлемге белгілі «Спартак: қан мен құм» атты (орысша «Спартак: кровь и песок») телехикаяны ұсынған.
Басты рөлде жас актер болғаны мен басқа орындаушылардың арасында сол «Спартак»та гладиатор Назирді ойнаған Пена Хема Тейлор бар.

Баланы сөғыс шеберлігіне үйретіп жүрген жеңіліп көрмеген жауынгерді болса Жаңа Зеландиялық режиссер Питер Джексоннын «Сақиналар әміршісі» трилогиясында («Властелин колец») бірнеше алып орктердің рөлдерін ойнаған Лоуренс Макор. Ол актер Питер Джексонның «Хоббит: Смаугтің тақыршағы» («Хоббит: пустошь Смауга») атты фильмінде де ойнаған – анау-мынау емес, Болг деген орктардың колбасшысының рөлінде.

Одан басқа Лоуренс Макор ойнаған фильмдердің арасында Джеймс Бонд туралы «Өл, бірақ қазір емес» («Умри, но не сейчас») шығармасы бар, ал қатысқан сериалдарға келсек, олардың ішінде Зена мен Геракл туралы телехикаяларда бар.
Қортындыласақ, ТМД елінде бұқаралық кинопрокатқа шықпаса да, үлкен экранда көз алмай қарайтын фильм деуге болады. Өкінішке орай, көремін деген адам текқана орысшаға әуесқой аударма түрінде көре алады. Соның өзінде аударманың сапасы өте биік, ал тіпті ұнамаса сөзге мән бермесе де болады – экранда болып жатқан оқиға сөзсіз ақ түсінікті. Оның үстінде саундтрек туралы ерекше айтуым керек – оқиғаны серпінді әуендер өте жақсы толықтырып, фильмден тек жақсы әсер қалдырады.
