Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Сенбілік таң» — режиссер Қалила Омардың шаңырағында

Деректі фильм түсірудің шебері Қалила Омардың отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.

Қазақ режиссерлерінің ішінде деректі фильм түсіруді қолға алып, үнемі мұрағат ақтарып, кино-документалист ретінде қалыптасқан кинорежиссерлердің бірі – Қалила Омар.

Оның  туындыларының көпшілігі тарихтағы Алаш ақтаңдақтарына арналған. «Мағжан», «Алаш туралы сөз», «Алашорда» деректі фильмдерінде Қалила Омар қазақ зиялыларының бейнесін кеңінен ашып көрсетеді. Кинорежиссер Балтабай Көшербайұлы: «Қалиланың фильмдерінен қазақтың иісі аңқып тұрады. Мен оның қазақтың фольклорын, әр сөзінің астарын ашуға тырысатынына өте қатты мән беремін»,-дейді.

Бүгін «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омардың отбасымен сұхбат құрады.

0
0
698

«Сұлулықтың құрбаны»

Сән салонында болатын процедуралардан қауіпті дертті жұқтырып алған кейіпкер бүгін «Әйел бақытында» қонақта. Адамзат қашанда сұлулық пен әсемдікті елеусіз қалдырған емес. Бұл – адам жанының сұлулыққа құштар екенін көрсетеді. Ал, уақыт өткен сайын сұлулықтың өлшемі де түрлі сипатқа еніп, күрделеніп келеді. Оның айғағы, бүгінгі сәнқойлар. Қазіргі таңда әйелдерге де, ерлерге де әдемі болып көріну ешқандай мәселе емес. Сұлулық салонына бас сұқса болды, шашты сәндеп, бет-әлпетті әрлеп береді. Бірақ, бір мәселе – мұндай жерлердегі тазалықтың сақталуы. Көпшілік орта болғаннан кейін мұнда келетін адамдар да әртүрлі. Ал, оларды сәндеу кезінде қолданылатын заттар санаулы ғана. Демек, біріне қолданылған құрал-жабдық екінші адамға да «қызмет» етеді, деген сөз. Маникюр, педикюр және осы секілді өзге д…

0
0
489

Ұлттық бірыңғай тест қалай өтті?

2015 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) Білім және ғылым министрлігі тарапынан енгізілген бірқатар өзгерістерімен, алды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарын, қала берді әлеуметтік желілерді шулатқан «біртүрлі» жаңалықтарымен есте қалды. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Апта.kz» бағдарламасы осы бір үлкен науқанға шолу жасап, арнайы хабар әзірлеген болатын. Биылғы тестілеуге 120 мыңдай мектеп бітіруші қатысты. Жыл сайын жаздың басында Ұлттық бірыңғай тестілеу деп дауыл сапырған қамыстың басындай шулап қалатынымыз бар. Бас-аяғы 10-15 күнге созылатын бұл емтихан басталды дегенше, қоғамда кезекті бір дүрлігіс басталды дей беріңіз. Бір күнгі емтиханда жоғары балл жинау үшін мектепаралық, ауданаралық, облысаралық бәсеке басталады. Өз өңірінің өрендерін өрге сүйреп, білім сапасының жоғар…

0
0
340

Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсынов «Шалқар» студиясында қонақта

ҚР Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, актер Досхан Жолжақсынов өткен аптада «Шалқар» ұлттық радиосының «Өнер алаңы» хабарында қонақта болып, сұхбат берді. Хабарды мына сілтеме арқылы өтіп, тыңдай аласыздар. «Бүгінгі көрерменге ұсынып жатқан дүниелерім - осы уақытқа дейін қалыптасқан өнерге деген түсінігім мен пайымымның көрінісі. «Сахнада актерлердің шеберлігінен гөрі алдымен оның батылдығы маңызды» деген бар. Сол батылдық менің қозғаушы күштерімнің бірі ретінде режиссураға әкелді. Мен қолымнен не келіп, не келмейтінін жақсы білемін. Мәселе - нәтижеде», дейді өнер иесі. Режиссердің жақында ғана ұсынған «Құнанбай» фильмінің көп бөлігі Қодар мен Қамқа арасындағы оқиғаға арналып кеткен жоқ па? Туындыда олардың арасындағы қарым-қатынасты бірнеше рет айқындау қаншалықты қажет бо…

0
0
1001

Шын жүректен туған жоба

Біздің қоғамда өмірдің түрлі ауыртпалығын көріп, тағдырдың әртүрлі сынағына тап болса да мойымайтын қайсар жандар көп. Олар өздері бетпе-бет келген қиындықты жеңіп қана қоймай, сонымен қатар айналасындағы адамдарға да қолынан келгенше жақсылық жасап, айрықша ерік-жігердің, қайырымдылықтың үлгісін көрсетіп жүр. Олардың қажымас қайраты, игі істері мен өмірлік тәжірибесі тек туған-туыстарына, өз ортасына ғана емес, бүкіл ел-жұртқа үлгі бола алады. Мейірімді жандар өздерінің жақсы істерін айтуды ұната бермейді. «Шын жүректен» бағдарламасының мақсаты осындай ерекше ерлік, жақсылық иелерін елге таныту болды. Естеріңізде болса, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы өткен маусымда көрермендерге күтпеген сипатқа әлеуметтік жоба ұсынған-ды. Көпшілікке жақсы таныс реалити-шоу жанрында түсірілген «Шын жүрект…

0
0
1728

Бүгін – «Қыздар» телехикаясының соңғы бөлімі

Режиссер Р.Сүлейменов түсірген телехикаяның соңғы 32-бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар. Бүгін Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан отандық туынды «Қыздар» телехикаясының соңғы бөлімі. Еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жатқан студенттердің қызыққа толы өмірі туралы баяндайтын туынды 32 бөлімнен тұрады. Телетуынды «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Көркем фильм» киностудиясында түсірілген. Телехикая сюжеті бойынша жастарды бірлікке шақыратын журнал шығару барысында негізгі төрт кейіпкер Айлан, Мерей, Айзере және Қаныкей айнымас достарға айналады. Алғашқыда бір-бірінің мінездеріне шыдай алмаған қыздар түрлі жайттарды бастан кешіреді. Алайда, түбінде достық бәрін жеңіп шығады. Оқиға желісі журнал шығару барысында өрбиді. Ст…

0
0
786

«Әдемі-ай» бағдарламасының жаңа маусымы жаңалықтарға толы

Достар, сән әлеміне қызығатындар бар ма араларыңда? Бәлкім, болашақта сәнді көйлек тігіп, белгілі дизайнер немесе түрлі киімді ел алдында таныстыратын сән әлемінің жұлдызы боламын дегендер бар шығар? Ендеше, сіздерге айтар тамаша жаңалығымыз бар! Маусым айында «Балапан» телеарнасыдан «Әдемі-ай» бағдарламасының жаңа маусымы басталды. Әрине, жаңа маусым түрлі жаңалықтарға толы болмақ. Солармен таныс болып, «Әдемі-айдың» көптің көңілінен шығуына өз үлестеріңізді қоса аласыздар! Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар дүкен аралап, ұсынылған тақырыпқа сай өздеріне киім таңдайды. Одан кейін студияда сән шеруін көрсетеді. Ал, екінші кезеңде дүкеннен алған киімдеріне үйлесімді әшекей бұйымдар жасайды. Жұмыстарын сән алаңында көрермендерге көрсетеді. Кәсіби сәнгер бағдарламаға…

0
0
1710

«100 нақты қадам»: Орнықты экономика» тақырыбында радиоконференция өтті

Қазақ радиосының әуе толқынында «Айтөбел» хабары аясында «100 нақты қадам»: Орнықты экономика» атты радиоконференция өтті. Радиоконференцияға профессор, академик Кенжеғали Сағадиев пен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, экономист Ғазизат Имақова қатысты. Радиоконференцияны Эльмира Сабырқызы мен Базарбай Ерісұлы жүргізді. Радиохабарды «Қазақ радиосының» сайтындағы мына парақшаға өтіп, тыңдай аласыздар. Еске сала кетейік, 2015 жылдың сәуір айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаевтың аталға жоспары қазақстандықтар назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қ…

0
0
663

Бернардтың басынан кешкендері «Таңшолпанда»

Ол қызыққа батқысы келеді... бірақ оны жолдан әрдайым қауіп-қатер күтіп алады. Дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы сағат 07:00-ден бастап 10:00-ге дейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетілетін «Таңшолпан» бағдарламасы «Бернард» атты мультфильм ұсынады. Кішкентайларға қосып берер алдында не туралы екен деп білгіңіз келсе, біздің анықтамалыққа көз жүгіртіп өтіңіз: Саяхаттауды өте жақсы көретін Бернард атты ақ аю қайда бармасын, қолына не алмасын, әйтеуір, ақыр аяғы түрлі кедергілерге ұшырап, әбден қиналады. Бірдеңені білмекке деген табиғи құштарлығы мен алған бетінен қайтпайтын қасиеті біздің бас кейіпкерді түрлі жағдайға тап қылады. Ллойд пен Ева атты пингвиндер, Голиаф пен Пайлот атты иттер осы бір испаниялық туындының сәнін келтіреді, ал Бернардтың бұрыннан келе жатқан «танысы» кесі…

0
0
386

Кейіпкер көрерменнен кеңес сұрайды

Анасы қайтыс болған соң, берекесі кеткен шаңырақтың қамы үшін шырылдаған бойжеткен бүгін «Әйел бақытында» көрермендерден кеңес күтеді.

Ана – отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.

Ал, бүгінгі «Әйел бақытының» кейіпкері анасы қайтыс болған бойжеткен. Әкесі ішімдікке салынып, бауырлары есірткіге әуестеніп,  берекесі кеткен шаңырақты қайтсем  шайқалтпаймын, деп қам жеген қызға көрермен қандай кеңес береді? Бүгін 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
182