Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Бернардтың басынан кешкендері «Таңшолпанда»

Ол қызыққа батқысы келеді... бірақ оны жолдан әрдайым қауіп-қатер күтіп алады.

Дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы сағат 07:00-ден бастап 10:00-ге дейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетілетін «Таңшолпан» бағдарламасы «Бернард» атты мультфильм ұсынады.

Кішкентайларға қосып берер алдында не туралы екен деп білгіңіз келсе, біздің анықтамалыққа көз жүгіртіп өтіңіз:

Саяхаттауды өте жақсы көретін Бернард атты ақ аю қайда бармасын, қолына не алмасын, әйтеуір, ақыр аяғы түрлі кедергілерге ұшырап, әбден қиналады. Бірдеңені білмекке деген табиғи құштарлығы мен алған бетінен қайтпайтын қасиеті біздің бас кейіпкерді түрлі жағдайға тап қылады.

Ллойд пен Ева атты пингвиндер, Голиаф пен Пайлот атты иттер осы бір испаниялық туындының сәнін келтіреді, ал Бернардтың бұрыннан келе жатқан «танысы» кесіртке Зак оның жолын кес-кестеп бағады.

Әр таң сайын «Қазақстан» Ұлттық арнасының шымылдығын ашатын «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының мультфильмнен бөлек түрлі айдарлары бар екенін естеріңізге саламыз.

Үш сағат бойы тікелей эфирде сан алуан тақырыпты қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түкпір-түкпіріне ән мен жырдан шашу шашатын жобаның жүргізушілері Жансерік Берікқазыұлы, Ирина Тен, Руслан Қасымхан және Қаракөз Сүлейменова жұмыс алдында сізді жақсы көңіл-күйге бөлей алады.

«Қызықты мәлімет», «Қазақ жері», «Ырғақ», «Ауа райы», «Баспасөзге шолу» секілді пайдалы ақпарат пен көкжиегіңізді кеңейтетін мәліметтер ұсынады.

Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжет, әлемдік ақпарат, жағымды жаңалық – мұның бәрі «Таңшолпанда».

Аптасына бес рет бізбен бірге жаңа күнді қарсы алыңыздар!

0
0
384

Осы тақырып бойынша

Бернардтың басынан кешкендері «Таңшолпанда» - Yvision.kz