«Әдемі-ай» бағдарламасының жаңа маусымы жаңалықтарға толы
Достар, сән әлеміне қызығатындар бар ма араларыңда? Бәлкім, болашақта сәнді көйлек тігіп, белгілі дизайнер немесе түрлі киімді ел алдында таныстыратын сән әлемінің жұлдызы боламын дегендер бар шығар?
Ендеше, сіздерге айтар тамаша жаңалығымыз бар! Маусым айында «Балапан» телеарнасыдан «Әдемі-ай» бағдарламасының жаңа маусымы басталды. Әрине, жаңа маусым түрлі жаңалықтарға толы болмақ. Солармен таныс болып, «Әдемі-айдың» көптің көңілінен шығуына өз үлестеріңізді қоса аласыздар!

Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушылар дүкен аралап, ұсынылған тақырыпқа сай өздеріне киім таңдайды. Одан кейін студияда сән шеруін көрсетеді. Ал, екінші кезеңде дүкеннен алған киімдеріне үйлесімді әшекей бұйымдар жасайды. Жұмыстарын сән алаңында көрермендерге көрсетеді.
Кәсіби сәнгер бағдарламаға қатысушылардың сәнгерлікке бейімділігін, қолөнер шеберлігін теледидар арқылы бақылайды. Өз пікірін айтып, бағасын береді.
Бұл маусымның тағы бір жаңалығы – «Сәнқой» айдары ашылды. Енді көрермендер жіберген көйлектердің суретін көрсетеміз.
Сәнқой қыздардың сән шеруі дүйсенбі, жұма күндері сағат 11:05-те көрсетіледі. Жіберіп алма!
Сондай-ақ, сендерге айтар тағы бір тамаша хабарландыруымыз бар. Егер «Әдемі-ай» бағдарламасына өз үлесіңді қосқың келсе, төменде жазылған мәтінді мұқият оқып шығып, ата-анаңмен кеңесіп, «Балапан» арнасы бағдарламасының ерекше өтуіне ат салыса аласың.
Ол үшін... сүйікті көйлегіңнің суретін салып, бізге жібер!
Үздік деп танылған сәнді киімнің суреті «Әдемі-ай» бағдарламасынан көрсетіледі.
Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.
Электронды поштаға хат жолдаймын десең: [email protected]
Эфирде жүздескенше!
