«100 нақты қадам»: Орнықты экономика» тақырыбында радиоконференция өтті
Қазақ радиосының әуе толқынында «Айтөбел» хабары аясында «100 нақты қадам»: Орнықты экономика» атты радиоконференция өтті.

Радиоконференцияға профессор, академик Кенжеғали Сағадиев пен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, экономист Ғазизат Имақова қатысты.
Радиоконференцияны Эльмира Сабырқызы мен Базарбай Ерісұлы жүргізді.
Радиохабарды «Қазақ радиосының» сайтындағы мына парақшаға өтіп, тыңдай аласыздар.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың сәуір айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Мамыр айында Нұрсұлтан Назарбаевтың аталға жоспары қазақстандықтар назарына Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылған болатын. Қазіргі уақытта аталған бағдарламалық құжат қоғамда кеңінен талқыланып, ол бойынша жұмыстар жүргізілу басталып кетті.
«100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжатта.
-Біз халықтың, биліктің психологиясын өзгертейік деп отырмыз. Жұмыс оңай емес. Бұрын-соңды жасалмаған жұмыс, - деді осы бағдарламаға қатысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
