Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Кейіпкер көрерменнен кеңес сұрайды

Анасы қайтыс болған соң, берекесі кеткен шаңырақтың қамы үшін шырылдаған бойжеткен бүгін «Әйел бақытында» көрермендерден кеңес күтеді.

Ана – отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.

Ал, бүгінгі «Әйел бақытының» кейіпкері анасы қайтыс болған бойжеткен. Әкесі ішімдікке салынып, бауырлары есірткіге әуестеніп,  берекесі кеткен шаңырақты қайтсем  шайқалтпаймын, деп қам жеген қызға көрермен қандай кеңес береді? Бүгін 15:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

 

0
0
180

Осы тақырып бойынша

Кейіпкер көрерменнен кеңес сұрайды - Yvision.kz