Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Ақын Исраил Сапарбай «Сенбілік таңда» қонақта

Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының Iлияс Жансүгіров атындағы сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, көптеген әндер мен ән мәтіндерінің, «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы» секілді пьесалардың авторы, ақын Исраил Сапарбайды қалың қазақ жақсы таниды. Енді ше, «Мен елімді сүйемін! Иә, сүйем! Құлама құз, Құзар шың, Қиясымен.., Жанарымның жасымен жылап аққан, Қаламымның қанымен, сиясымен! Сүйем оның таспа жол, тау-тасын да, Маржанын да теңіздің, малтасын да. Аспандағы Айын да, алқасын да, Дастандағы Қаракөз, Қамқасын да!» – деп жырлаған ақынды білмеу, шығармашылығын құрметтемеу мүмкін емес қой. Өткен аптада «Қазақстан» ұлттық арнасының «Сенбілік таң» бағдарламасы маржан сөзден моншақтай қылып өлең тізіп,…

0
0
855

Қазақстанға Париж қазақтарының «Paris Kazakspor» футболшылары келді

Астанаға Париж қазақтары ойнайтын «Paris Kazakspor» клубының футболшылары келді. Олар еліміздің төрт ірі қаласында қазақстандық футбол командаларымен жолдастық кездесу өткізбек. Бұл шара KAZsport телеарнасының көрермендері мен футболсүйер қауым үшін тамаша жаңалық болады деп сенеміз. 9 маусымда «Paris Kazakspor» футбол клубының 14 ойыншысы Астанадағы Жас батыр спорт кешенінің алаңында ойын өткізді. Ал, 11 маусым күні Қарағанды қаласында «Шахтердің» қосалқы командасымен сайысқа түседі. Сонымен қатар, Франциядан келген қандастарымыз 15 маусымда Шымкент қаласына барып, «Ордабасының» қосалқы командсымен кездеспек. Ал, команданың 18 маусымда Алматыда ойнайтын қарсыласы әлі анықталмаған. 1986 жылы құрылған «Paris Kazakspor» футбол клубының бүгінде Франция футбол федерациясының жетінші лигасында…

0
0
530

Классикалық музыканың көмегі

Қызық дерек: әдетте көпшілік көңілді түсіріп, мұңға бөлейді дейтін минорлы әуездің өзі адамның белсенділігін арттырып, жан жарасына ем болып, дем береді екен. Жалпы, классикалық музыканың тыңдаушыға сыйлар пайдасы туралы мәлімет көп. Оның бізге берер пайдасы туралы да ақпарат жетерлік. Тіпті, медицинада музыка фармакологиясы атты жаңа бағыт ашылып, ұлы туындылардың ауыр жағдайдағы жандардың денсаулығына сеп болатынын көз алдымызға әкеліп, көрсетіп те үлгерді. Мәселен, кларнет немесе флейта-пикколоның дыбысы ағзадағы қан айналымын жақсартады екен. Аты мәшһүр сазгерлердің шығармаларын тыңдап, бір сәт сезімдеріңізге ой жүгіртіп көріңізші... Нәтижесін бірден байқайсыз деген ойдамыз. Талғамы классикалық музыканы таңдайтын қазақстандық тыңдармандар 2011 жылдың 6 маусымынан бері «Classic» радиос…

0
0
3212

Бүгінгінің келіні қандай болуы керек?

Ұлына жар болуға лайықты қызды іздеген ананың әңгімесін бүгін 15:00-де «Әйел бақытынан» тыңдаңыз.

Қыз бала бой жетіп, уақыты келгенде отбасын құрып, бір үйдің, бір әулеттің келіні болуы –  заңдылық. Бірақ, екінің бірі «бүкіл ұлттың келіні», деген абыройлы атаққа қол жеткізе бермейді.

Қазақ әу бас­тан келін де­ген ата­у­ды киелі са­нап, ұрпақ жалғастырушы ретінде мақтаныш көрген. Дегенмен, бүгінде аракідік киелі атқа кір келтіріп жүрген келіндер де бар. Себебі, бүгінгі келіндерден ертеректегідей ұзын көйлек киюді, ба­сы­на ора­мал бай­ла­у­ды, үлкен-кішіге келіп сәлем беруді көпшілік та­лап ете бермейді. Жалпы, қазіргі келін қандай болуы керек?

Ұлына жар болуға лайықты қызды іздеген ананың әңгімесін бүгін 15:00-де «Әйел бақытынан» тыңдаңыз.

0
0
324

Қайрат Нұртас жақын арада тыңдармандарына жаңа әндер ұсынбақ

Әнші, «МузТВ» телеарнасының арнайы сыйлығы - «Қазақстанның үздік жыл әртісі» аталымының жеңімпазы Қайрат Нұртас «Қазақстан» телеарнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды. «Сұхбат бермегеніме біраз уақыт болыпты. Бүгін сіздердің бағдарламаларыңызға сәті түсіп, келіп отырмын. Өте қуаныштымын. Маған көбіне көңіл-күйіңіз қалай, жанұяңыз бар ма деген сұрақтарды жиі қояды. Ол менің жеке өміріме қатысты болғасын, жауап беруден бас тартуға мәжбүрмін. Көрермендер менің өнерімді, шығармашылығымды бағаласа деймін», - деп бастады әңгімесін студия қонағы. Сыйлықты иеленген кездегі әсерімен бөліскен Қайрат: «Әркімнің өз арманы бар. Өз еліңде мұндай сыйлық алу менің ғана емес, әр әншінің арманы, деп ойлаймын. Бұл жүлдеге алдымен Алланың қалауымен, сосын халықтың қолдауымен ие болдым. Өте қуа…

2
0
651

Euro-2016: Викторина сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан-Түркия матчының арнайы сыйлығын ұтып ал!

Kaztrk.kz сайты мен Қазақстан Футбол федерациясының ұйымдастыруымен көрермендер арасында ұйымдастырылған викторинаға қатысып, Қазақстан-Түркия матчының арнайы сыйлығын ұтып ал! 1. КСРО құрамасында доп тепкен тұңғыш қазақ? 2. Қазақстан Ұлттық құрамасында ең жылдам гол соққан футболшы? 3. 1995 - 1997 жылдары Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері кім болды? 4. Қазақстан Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) мен Азия футбол конфедерациясының (АФК) мүшесі болып қай жылы қабылданды? 5. Қазақстан біріншілігінің тарихында ең алғаш 3 рет чемпион атанған клуб? 6. Қазақ КСР Футбол ассоциациясы қай жылы құрылды? 7. Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА аясында алғашқы матчын қай жылы және қай елмен өткізді? 8. Қазақстанда алғашқы футбол алаңы қай жылы және қай қалада пайдалануға берілд…

0
0
445

Қонақ күте білеміз бе?

Қыздарға қырық кеңес, келіндерге салттың жаңа сәні туралы ақпарат білгіңіз келсе, бүгін 15:00-де «Әйел бақытын» көріңіз. Қонақ күту – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Келген қонақтың риза болып кетуі үшін үй иесі мен оның әрекеттері зор рөл атқарады. Ал, қазақ халқы – ежелден барын қонағының алдына тосқан халық. Содан болар, біздің халықта «Қырықтың бірі – қыдыр», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді», «Қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақ келсе – құт» сынды нақылдар бар. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға да ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал, қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Бүгінде қонақты қ…

0
0
2170

Бизнес-журналистерге арналған байқау жарияланды

Сайысқа Қазақстан, Армения, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей журналистері қатыса алады. Еуразиялық даму банкі «Еуразиялық интеграция және даму – XXI ғасыр» тақырыбы бойынша аймақтық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері және аймақтардың тұрақты дамуы туралы БАҚ-та жарияланған материалдар арасында байқау жариялайды. Байқау 4 аталым: ақпараттық агенттікте, интернет басылымда және баспасөзде жарияланған материалдар мен телеарналардан көрсетілген хабарлар бойынша өтеді. Сайысқа 2015 жылдың 1 қаңтарынан 30 тамызы аралығында жарияланған материалдар қабылданады. Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар беріледі. Марапаттау рәсімі 2015 жылдың қазан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық «Еуразиялық экономикалық интеграция» конференциясы барысында табысталады. Ө…

0
0
250

«МузТВ-2015. Гравитация» жүлдесі қалай өтті?

Ұлттық арнадан «МузТВ-2015. Гравитация» жүлдесінің күнделігін бүгін 08:30-да, 12:50-де және 22:30-да көріңіз.


Жылдың ең ерекше оқиғасы саналған «МузТВ-2015. Гравитация» жүлдесін тапсыру рәсімі кеше өтті. Отандық және ресейлік жұлдыздарды Астанада жинаған кеште әдемі ән де айтылды, керемет би биленді, әсерлі қойылымдар да көрсетілді. Өнерпаздар халықтың көңілін көтеру үшін барын салды.

Айта кету керек, қазақ музыкасының бүгінгі деңгейін әлемге таныту мақсатында биыл елімізде өткен  дәстүрлі жобада түрлі қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылды. «МузТВ-2015. Гравитация» жүлдесі қалай өтті? Кімдер жеңімпаз атанды?

Толығырақ бүгін 08:30-да, 12:50-де және 22:30-да Ұлттық арнадан «МузТВ-2015. Гравитация» жүлдесінің күнделігінен біле аласыздар.

0
0
240

Бүгін — «Classic» радиосы алғаш рет эфирге шықты

Радио ашылғалы бері тәулік бойына тыңдармандарын қазақ халқының классикалық туындылары және әлемдік музыка жауһарларымен сусындатып келеді. «Classic» радиосы 2011 жылдың 6 маусымынан бастап 102,8 ҒМ жиілігінде Алматыдан хабар тарата бастады. 2013 жылдың 22 желтоқсанында радио Астана қаласында 102,7 FM жиілігінде эфирге шықты. Қазақстандағы және Орталық Азиядағы тұңғыш классикалық музыка радиосы - «Қазақстан» РТРК» АҚ және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының біріккен жобасы. «Classic» радиосының негізгі идеялық рухани дем берушісі - Қазақстан Республикасының Халық әртісі - Жәния Әубәкірова. Шығармашылық ұжымның директоры - өнертану ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік магистрі, Жұманиязова Раушан Кеңесқызы. Білікті басшының ұйымдастыруымен «Classic» радиосы, Ресейдің…

0
0
311