Мазмұнға өту
Orken_Kenzhebek

Orken_Kenzhebek

Сайтта 2018 ж. 16 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

26

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

"Көп жорғалаған жыланның аяғы көрінеді"

Кезінде мінген машинасын жұрт қолымен көтеріп кеткен Муслим Магомаевтар қалай жынды болып кетпеген деймін де... Айтысқа қатысқан жігіт қой, қисынын тауып кешірім постын жазсын да, қойсын қолын)Менің кешелі-бері қуанғаным, бір жылдай "Ар-ай" газетінде бір кабинетте жұмыс істеген әріптесім үйлі болды. Алтынбек Картабай ағам, иә, әлі күнге сол мен 2008 жылы журналистикамды қалыптастырған газетте фототілші боп келеді. 4 қыздың әкесі. Фотоқұмарлығына 16 жыл. Өзі 25-те) Қысқасы, кеше Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев журналистерді жиған жиында, қаннен-қаперсіз тұрған Алтекеңе 3 бөлмелі пәтер кілтін сыйлай салды. Алтекеңді айтамын да, қашан көрсең де, жаны қалмай, елпектеп, құрақ ұшып, қалбаңдап жүргені. Жақсы сырлас. Әдемілікті жаны сүйеді, сондықтан, парақшасынан өзінен гөрі қыздардың ф…

0
0
613

Операциядан шықтым

Сонымен, төменгі жақ сүйекке титан болтты (имплантат) бұрап тастады, енді екі айдан соң үстіне цирконийден жасанды тіс қояды, бұйырса. Бұ дүниеде жар мен жұмыс таңдаудан соңғы қиыны тіс дәрігері мен шаштаразды таңдау-ау, сірә? Менің таңдағаным – Doctor Dent - сеть стоматологических клиник. Айтпақшы, осы «Дент» деп аты басталатын я бітетін емхана көп. «Сапа дент», «Дент люкс» деп кете береді... Шатасып кетесің. Неге десем, мемлекеттен тіркеткенде міндетті түрде атында «дент» деген сөз жалғанып тұру керек екен (!). Иә, неге енді «Доктор Дент» дейсіз ғой? Стоматологтардың халықаралық қауымдастығының президенті Патрик Хескот деген қасқа дәл осы емханаға «Астанадағы ең үздік тіс ұстасы» деген сыйлық ұстатқан қолдарына. Ал Дональд Трамп отбасысының жеке стоматологы доктор Ли Астанадағы клиентте…

0
0
272

Қазақша Win-Win

Ол біреу. Бірақ, ол - білеудей. Ең бастысы, бизнес үшін расымен мықты тауар мен қызмет ұсынушылардың тобын жинақтап жатыр. Адамы да, аспабы да түгел болғанына қатаң қарайды енді. Ал бұл алдын-ала іріктеуден бір өтіп алса, үш жылға дейін холдингтің сатып алуларына қатыса алады, әр сайыс сайын құжатарын жинап жүрмейді, тендерге қатысуын қамтамасыз етуі үшін қосар жарнадан да босатады. Бұдан әрине, сатып алу процесі жылдамдайды, бізде бұл жағынан сын бар, білесіз. Мемлекеттік сатып алуға қатысудың талаптары да барынша жеңілдемек. Ол үшін талап етілетін құжаттар санын азайтады, мысалы, болашақта тек арыз, техникалық спецификация мен баға ұсынысын ғана жіберетін болады. Бұдан кейін бізге мұның қандай артықшылығы бар десеңіз, мемлекеттік сатып алуға қатысқанда шетелдік компаниялар қиналуы мүмкі…

0
0
311

Қытайға алғаш барғанымда, сапарымызды Сиан шаһарынан бастаған едім.

Қазақ студенттері жөн сілтеп жіберді – біздің ақшамен 4 мың теңге берсең, ішінде 24 сағат жүруге, жатуға, әрине, жуынуға болатын монша бар деді. Бардық, рас екен. Құдай-ау, әлгі монша дегенің бес қабаттық рахат: бес жүз адам еркін жүзер бассейн, хаммамның пәлен, душтың түген түрі, тегін тіс щеткасы пастасымен, қырыну станогы да тегін... Әбден жуынып алған соң жайлы төсектің бірінде ұйқыға басасың. Осы рахат пен ұйқының арасында қауашағыма мынадай арам ой келген еді. «Қытай десе көз алдымызға үстінен жағымсыз иіс мүңкіп тұратын, жиі қақырынатын, қатты сөйлейтін, лас, нас адам келеді. Әй, дәу де болса, өкіметі халқының осындай қалтарыс жағын біледі-ау. Сол үшін ұялады-ау. Сөйтіп қалыптасып қалған қасаң мінезін арзан әрі әдемі моншалар арқылы тазартып жатыр-ау. Әйтпесе, мынау монша по-любас…

0
0
257

Айтайын дегенім...

Сонда түсінгенім, маған Түменнің "Союз", Мурманскі және Дағыстан командаларының әзіл тұрпаттары ұнайды екен. Камызяки әу бастан. Әзілді құрау әдістері тамаша ғой, иттің ғана балалары-ай)

Бізде бұл жағынан "Жайдарманның" "Сағызын" мойындаймын. Осы тұрғыда Ақтаудағы айтыскер Нұрлан Мұсаев айтты деген қағытпаларға құлаймын. Болмаса, Қызылордада тұратын Мамыр мен Ақылбай секілді ағалардың әңгімелерін сағынамын.

Айтайын дегенім, осы арабтың шейхтары Ким Кардашьянмен шай ішу үшін 1 миллион доллар төлепті, Кристен Стюартпен 15 минут кездесу үшін 500 мың доллар төлепті дегенді жиі оқығанмын. Менде сондай байлық болса, Қызылордадағы Ақылбай ағаны чартермен алдырып, қаламақысын беріп қойып, екі - үш түн сөйлетіп, бар әңгімесін жаздырып алар едім, әттең...

Ақпарат көзі

0
0
305