Екінші болма
Бұл Куаныш Шонбай мырзаның өзін-өзі дамыту бойынша авторлық семинарының турбогенератор қосып, күшейтілген, фэйслифтинг жасалып, толықтырылған нұсқасы. Мейірбек Жұмабеков (Meirbek Zhumabekov), Aina Dosmakhambetkyzy, Eskendir Bestai секілді білімі мен парасаты менікінен бір елі семіз мамандармен бір сахнада дәріс беріп, арасын тапсырмалармен қалап отыруға тырыстық. Мұнда не айтылмады дейсіз? - қанағат пен жалқаулықтың айырмасы, ұяңдық пен ынжықтықтың арасы, мотивация мен шабыттың өзгешілігі, жалпы жетістікке жету мен сіздің араңызды бөліп тұрған сүйкімсіз қылықтар мен одан арылудың айласы, фокусты ойлау мен енжарлы ойлауға үйрену, жалпы үйрену мен ұмытудың табиғаты, әлеуметтік желіде тұлға қалыптастыру тәсілдері және т.б.
Өз басым осы семинарда адамның үш миы бар дегенді естіп, Қуаныштың ЗАТОК тәсіліне қатты таң қалдым. Семинар ақылы еді, соған айлығының жартысындай ақысын төлеп келіп отырған бастауыш сыныптың мұғалімін көріп те таң қалдым. Демек, өзін өзі дамытамын деген адамға ештеңе әлеуметтік ортасы да, басқасы да кедергі емес екен. Екі күндік жобаның сәтті өткенінің бір дәлелі – ол біткен соң да қатысушылардың 3,5 сағат тарқамай отырғаны болды-ау. Алла қаласа, осы форматтағы семинар-тренинг Астанада болуы мүмкін, бәрі де мүмкін. Ал жуық арада мені және Әлішер Елікбаев, Динара Сәтжан, Саясат Нұрбек, Қуаныш Шонбайды Тараздан, 10 ақпанда көре аласыздар, бұйырса)
Ақпарат көзі
