«Нұр Отанға» екі жіппен байланған екенмін
Бұл ақ жіп. Екіншісі – партияның Саяси менеджмент мектебінде сабақ беремін. Бұл қызыл жіп. Алғашқысы – альтуристік, кейінгісі – коммерциялық негізде дегенім ғой) Ал партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесуге сарапшы ретінде сыйлап шақырған екен. «Шақырған жерден қалма» деген.
Әлгі мен айтқан Саяси менеджмент мектебі енді академия болып өзгереді. Назарбаевтан басқа саяси тұлғаның бәрі сабақ, соңынан диплом беретіндей мәртебеге көтермекші. Мұхтар мырза келген сарапшылардың бәрінің сұрағын аяғына дейін тыңдап, толымды жауабын беріп отырды. Мысалы, Зира Наурызбаева қазақ мәдениеттануының халын айтып еді, енді сол саладан томды осы жылы дайындап берсеңіз, осы жылы-ақ тегін шығарып берейін деді. Осы отырған-тұрған азаматтардан партияның Сарапшылар кеңесін құрсақ деді. Шекара маңындағы ауылдардың жағдайына байланысты биыл жақсы жаңалық болады деп қойды. «Серпін» бағдарламасына кураторлық жасауды қолға аламыз деп қосты. Мұндай сұрақ-жауаптарды тізе берсем, стенографистикадан нем кем?)
Бастысы, ашық, бүкпесіз әңгіме болды. «Нұр Отан» осылай өзгерсе, ешкім зиян шекпейтін шығар осы?)
Ақпарат көзі
