Жомарттық бай-бардам, ірі-алып дегенге ғана қарап қалмайды-ау.
Енді сол пәтер алғандардың арасында тағы да пәтер ұтып алуға ұтыс бар екен, билетімді алып, менің орныма бара қалшы деп өтінген. Кежегем кері тартып-ақ тұр. Екі-үш сағатымның просто өліп кететінін ішім сезіп тұр. Досым болған соң, жоқ дей алмайсың. Сенбі күні су жаңа Конгресс орталыққа барсам, менен басқа екі мыңның үстінде адам сапырылысып жүр. Бәрі үміттерін әдемілеп үкілеп алған. Әне жер құдды Тараздың тойы секілді - қос асаба ағып тұр, Мәдина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина ән салып тұр, бишілер айналып тұр, шай деген қайнап тұр, мен де состиып тұрмын.
Сөйтсем, бұл ұтыс былай екен. BI Group-тан өткен жылдың 20 қарашасы мен осы жылдың 31 қаңтары аралығында пәтер алғандар ғана қатыса алатын ұтыс. Бас жүлдеге Астанадағы "7Я" тұрғын кешенінен пәтерді, Hyundai Accent көлігін және 1 миллион теңгенің саяхат жолдамасын атапты. Және бұдан басқа 100 сыйлығы тағы бар. Досымның билет нөмірі 0021 еді. Шәйнектен бастады – уф, мені айналып өтті) Ноутбуктың кезегі келді – біреуі маған бұйырды, тойыс, досыма. Екі мыңның үстінде адам барғанда, жүз сыйлықтың бірі бұйырып жатса, қуанасың ғой – ең болмаса, уақыт текке кетпеді) Ары қарай телебезер, кір жуғыш пәле... Менің тура сол қапталымда әйел отырған. Әлгі миллион теңгенің жолдамасы соған бұйырды. Қарағандыдан келген Тамара Даулбекова екен, енді қызы екеуі алыстағы Доминикан еліне барып-қайтатын болды. Күшті, ә?
Ал көлікті қазір Ирландияда жүрген қазақ отбасысы жеңіп алды. Сенімді өкілі келіп алып кетті. Бас жүлде - Азамат Жұрынтаев пен оның зайыбы Сәнияға бұйырды. Жас отбасы. Енді ата-ана болуға дайындалып жүргендері екен. Қуаныштан жүректері алқымына тығылып жатты. Түсінемін, пәтер үстіне пәтер ұтып алып тұр! Бұндайда зал болып толқыды. Осындай қызық сынақтан шығып, өзімнен өзім қуанышты болып жүрдім күні бойы. Не дегенмен (пиар деңіз, маркетингтік айла деңіз), Би Айдыңдың жомарттығы бұл. Адамға себебін тауып, орайын келістіріп, жақсылық жасаудан артық не бар өзі? Жомарттық бай-бардам, ірі-алып дегенге ғана қарап қалмайды-ау. 500 теңгесі бар адам 5 теңге қайыр бере алмаса, одан қайыр жоқ.
Ал сіздер жомарт болып қандай жақсылық жасап едіңіздер?
#BIGroup #Astana #ЗдесьСтроитсяСчастье #BulBaqytMekeni
Ақпарат көзі
