Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Тəуелсіздік жылдарында...

12 олимпиадаға қатыстық, Қазақстанның өнімі 100 елге сатылып, 180 елмен дипломатиялық арнаға түстік, 1500 мектеп, 2500 балабақша ашылды, оқушыларымыз халықаралық олимпиадалардан кемі 2000 алтын медаль алып келді, əр 80 секунд сайын бір қазақстандық өмірге келеді, 120 млн шаршы метр баспана берілді, біздің орташа өмір сүру ұзақтығымыз 4 жарым жылға ұзарды, ішкі жалпы өнім 20 есеге көбейді... Туу, тағы не бар еді, ЭКСПО, Астана, "Болашақ", Тальго, жолдар...

Бұның бəрін қойшы, тұрмыстық игілік те. Бастысы, өз қолымыз өз аузымызға жетті. Азатпыз. Қадамызды қағып бітіп, мосымызды іліп, етімізді қайнатып қойып, көрпеміздегі жыртығымызды жамап отырмыз. Тəуелсізбіз. Күнəмізге тəубе қылдық. Нығметіңе шүкір еттік. Көп жазуға болар еді, былай түсіндіңіздер ғой ниетімді)

Тағы не қосасыздар? Тəуелсіздік жылдарының басты жетістігі қандай?

Ақпарат көзі

0
0
279

Осы тақырып бойынша

Тəуелсіздік жылдарында... - Yvision.kz