2016-2017 оқу жылында Мақтарал ауданында жалпы 124 мектеп жұмыс жасайды – Лесхан Қойлыбаев
«2016-2017 оқу жылында Мақтарал ауданында жалпы 124 мектеп жұмыс жасайды. Оның ішінде 121 жалпы орта, 3 негізгі орта мектеп жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа ауданда 2 саз мектебі, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істейді» - дейді Мақтарал ауданының Білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев. Бұл туралы ол «Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы көшбасшылық және басқару» тақырыбында Мақтарал ауданында өткен бүгінгі «Тамыз кеңесі – 2016» конференциясында айтты. Білім бөлімінің басшысының айтуынша, бүгінгі таңда ауданда мектептердің саны 124-ке жетіп, типтік мектеп ғимараты 91, ыңғайластырылғаны 33 болып отыр екен. «Жаңадан қосылатын ғимараттарды есепке алсақ, типтік мектеп ғимараты 96, ыңғайластырылған ғимараттағы мекте…




























