Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғ.Исмаилов «Бірлік» ауылдық округінде

Жамбыл ауылдық окурігінің халқымен кездесіп шыққан Мақтарал ауданының жаңа әкімі Ғ.Исмаилов кезекті мәселелермен танысу үшін 9753 тұрғыны бар «Бірлік» ауылдық округіне аяқ басты.

Ғ.Исмаилов ауыл тұрғындарына өзін таныстырып, бүгінгі жиналыстың мақсатын түсіндіріп өтті. Президент Н.Назарбаевтың «Әкім халықтың арасында жүруі керек. Халықпен ашық пікір алмасып, еркін диалог орнатуы керек» деген сөзін алға тартқан әкім бұдан кейін де жиі ауылхалқымен кездесіп тұратынын қадап айтты.

«6340 гектар жері бар окургтің 4550 гектары егістік алқап. Көшелердің жалпы ұзындығы 43 км. 5 жалпы орта мектепте 2112 оқушы оқиды. 8 мектепке дейінгі мекемеде 600 бүлдіршін тәрбиеленеді. 2 кітапхана, 2 мешіт ауыл тұрғындарына қызмет етеді. 235 отбасы газды, 1445 аула электр энергиясын пайдаланады» - дейді ауыл әкімі Ләззәт Нұртаева өз есебінде.

«Қ.Пернебаев» және «Қоңырат» елді мекендерінде газ мәселесі шешілгенімен «Өркениет», «Табысты», «Еркінабад» және «Алғабас» елді мекендерінде бұл мәселе мүлде шешілмеген. 4 елді мекенде ауыз су құбырларының тозығы жеткен. Округ бойынша 52 көшенің ішінде 7 көше күрделі жөндеуден өтіп, қалған 45 көшенің тозығы жетіп, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Егіншілікті кәсіп еткен тұрғындар үшін ең басты мәселе жердің сорын тартып алатын 32 тік дренаждарды қалпына келтіру және ұзындығы 53 км-ге жететін ағын суларды қашыратын жүйлерді (лотоктар) іске қосу. Міне, ауыл тұрғындары негізгі осы мәселелерді көтерді.

Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов әрбір ауыл тұрғыны айтқан мәселені протоколға түсіртіп, ұзағымен 2 айдың ішінде осы мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға есеп беретінін айтты.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
723

Осы тақырып бойынша

Ғ.Исмаилов «Бірлік» ауылдық округінде - Yvision.kz