Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтаралда бокстан халықаралық ашық біріншілік басталды

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына, Конституция күніне, спорт мерекесіне орай Мақтарал ауданы Атакент кентінің Достық үйінде бокстан қыздар арасында халықаралық ашық біріншілік басталды. 15-16, 17-18 жас аралығындағы спортшылар белдесіп жатқан турнирге жалпы 7 команда қатысуда.

Ашық біріншілікті Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаиловтың өзі келіп ашып берді. Ол өз сөзінде халықты салауатты өмірге жетелейтін спортты әрқашанда қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар, аудандық №1 спорт мектебінің директоры Бақыт Жаңбырбаев Мақтарал ауданындағы 3 спорт мектебі 2,5 мыңнан аса спортшыларды дайындап жатқанын, олардың арасында әлем чемпиондары шығып жатқанын еске салды. Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың өзі дәл осы аудандық №1 спорт мектебінің түлегі екенін де директор айтып өтті.

Айта кетейік, Мақтарал ауданында өтіп жатқан Халықаралық қыздар арасындағы ашық біріншілікке «Жизақ облысы (Өзбекстан)» командасы, «Бұқара облысы (Өзбекстан)» командасы, «Жамбыл облысы» командасы, «Сайрам ауданы» командасы, «Шымкент қаласы» командасы, «Сарыағаш ауданы» командасы және жергілікті «Мақтарал ауданы» командасы қатысуда.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
471

Осы тақырып бойынша

Мақтаралда бокстан халықаралық ашық біріншілік басталды - Yvision.kz