Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтарал ауданына деген мемлекетіміздің көзқарасы ерекше – Қуаныш Айтаханов

Бүгін Парламент сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Мақтарал ауданының халқымен кездесті. Аудандағы кадрлық өзгерістерден хабары бар депутат жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілей отырып, ауыл шаруашылығына қатысты көптеген мәселелердің басын шалды.

«Мақтарал ауданы экономикасы мен халқының саны жағынан Қазақстандағы ең үлкен аудан болғандықтан да мемлекетіміздің бұл өңірге деген көзқарасы ерекше. Мақтаралдың бір жүйеге келтіріліген суармалы жерлерін еліміздің басқа өңірлерінен табу қиын. Дәл сол себепті Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығын, соның ішінде егіншілікті қолдау мақсатында мемлекет көптеген жобаларды іске асырмақшы» - деп сөзін бастаған Қуаныш Айтаханов ауданның потенциалы мемлекет үшін аса ірі нысан болып табылатынын атап өтті.


(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
621

Осы тақырып бойынша

Мақтарал ауданына деген мемлекетіміздің көзқарасы ерекше – Қуаныш Айтаханов - Yvision.kz