Мақтарал ауданының тұрғындары үйінде отырып-ақ өзіне қажетті құжаттарды дайындай алады
Бүгін «Мақтарал ауданында пилоттық жоба негізінде «Қазпочта» АҚ-ның аудандық бөлімшесі арқылы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруды ұйымдастыру» тақырыбында семинар болып өтті. Мақтарал ауданы әкімі аппаратының мамандары, ауылдық округ әкімдіктердің өкілдері, АХАЖ бөлімінің басшылары, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қатысқан жиында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдетуге арналған пилоттық жобаның мазмұны толықтай талқыланды. Жалпы жобаның идеясы бойынша «Қазпочта» АҚ қызметкерлері арқылы халық үйінде отырып-ақ өзіне қажетті құжаттарды дайындай алады. 28 мемлекеттік қызметтердің қайсысы енгізілуі керек мәселесі 13-қыркүйекке дейін талқыланып, шешілетін болады. Жиынға қатысушылардың ұсыны…




























