ru
Default banner
Разное
426 298 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мақтарал ауданында 2 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шаралар көрілді – Н.Саттаров

Бүгін Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемелкеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында семинар-кеңес болып өтті. Аудан әкімі Ғалым Исмаилов төрағалық еткен жиынға ОҚО әкімінің кеңесшісі, жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдін Мухиденұлы және ОҚО әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Ахметов Абдулла Ахметұлы қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету бүгінгі семинар-кеңестің басты мақсаты болды. «ҚР-ның Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен белгіленген талаптарды ауданның мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру, қызметтік әдеп нормаларын бұзбау, оның жауапкершілігі жөнінде 2016 жылы Мақтарал ауданында түрлі деңгейдегі қызметкерлердің қатысуымен 5 рет жиналыстар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар, аудан бойынша «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін» сақтамаған, талаптарын бұзған 2 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шаралар көрілді (Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы сектор меңгерушісі Б.Саурановаға, Жетісай қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ш.Әжібековке)» - дейді Мақтарал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрбол Саттаров.

ОҚО әкімінің кеңесшісі, жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдін Әлішев БАҚ пен әлеуметтік желілерде оқырмандардың наразылығын тудырған Қапшағай қаласы әкімінің дөрекілігі туралы видеоны мысалға келтіре отырып, бүгінде мемлекеттік қызметшілерге деген халықтың талабы күшейгенін ескертті және 25 жасқа енді толған мемлекетіміздің шаңырағы шайқалмауы үшін де әрбір мемлекеттік қызметкер ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін қатаң ұстануы керектігін айтты. Сондай-ақ, ОҚО әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Абдулла Ахметов мемлекет қазынасын жегідей жеген сыбайлас жемқорлық та дәл осы Әдеп кодексін сақтамағандықтан туатындығын атап өтті.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі