Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік тіл – бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуы тиіс» – Мұратәлі Қалмұратов

Бүгін Жетісай қаласындағы «Қазақстан» студенттер сарайында Мақтарал ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 22-қыркүйек – тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты мерекелік кеш болып өтті. Іс-шараға Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Исмаилов, ОҚО Қазақстан халық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, «ОҚО Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ербол Байғонақов қатысты.

Мақтарал ауданы әкімі Ғ. Исмаилов өз сөзінде аудандағы ұлттар достығының берік болуына, әрбір шаңырақта тыныштық болуына тілек білдіріп, бүгінгі мерекемен аудан жұртшылығын құттықтады. ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Қалмұратов: «Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1022 мектептің 743-інде білім мемлекеттік тілде, 279-ында ұлттық тілдерде білім беріледі. Атап айтқанда, орыс тілінде 9, өзбек тілінде 15, тәжік тілінде 4 мектеп оқытылса, 251 мектепте білім аралас тілдерде (қазақ, орыс, өзбек, тәжік) беріледі. Қазір облыстағы 20 этномәдени бірлестіктің 11-інде жексенбілік мектеп бар. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналған. Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының мәңгілік тіліне, тәуелсіздігіміздің қуатты құралына, елдігіміз бен бірлігіміздің туына, бүкіл Қазақстан халқының басын біріктіруші күшке айналуға тиіс. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты да – егемен елдің ұландарын отансүйгіштікке баулу, мемлекеттік тілдің біріктіруші тіл екенін кеңінен насихаттау» - дейді.

Жалпы, қазақ халқының және Мақтарал ауданында өмір сүретін түрлі ұлттардың әншілері бүгінгі мерекелік кеште патриоттық тақырыптарда ән шырқаса, бишілері би биледі. Сондай-ақ, ауданда түрлі мәдениеттердің дамуына өз үлесін қосып жүрген бірнеше белсенділер «Алғыс хаттармен» марапатталды.

 

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
1
0
826

Осы тақырып бойынша