Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

БҚО-ның барлық жедел жәрдем стансаларында автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды

Батыс Қазақстан облысының барлық жедел жәрдем қосалқы стансаларында автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды. Бұл станса қызметінің жұмысын жеделдетіп, шақырулар бойынша жету уақытын 30% қысқартуға мүмкіндік береді. Компьютерлік бағдарламаның таныстырылымы 30 сәуірде Оралда қалалық жедел медициналық жәрдем стансасында өткізілді. Аталған басқару жүйесінің арқасында оперативтік, статистикалық және әкімшілік бөлімдердің жұмысы толық автоматтандырылып, облыс орталығының жекелеген аудандары мен жалпы қала бойынша оперативтік ахуалдың көрінісі және бақылау қамтамасыз етіледі. Бағдарлама өңірдің барлық қосалқы стансаларында орнатылды. Шақырулар картасын автоматтандырылған өңдеу негізінде бастапқы диагностиканың нысандандырылған алгоритмдері және шақыруларға қызмет көрсетуді оперативті бақылау…

0
0
316

Астанада әлемдік деңгейдегі эпилептолог мамандар осы аурудың күрделі түрімен ауыратын науқастарға кеңес береді

Бүгін Астанада «Эпилепсия: проблемалар және көмекті жақсарту бойынша стратегия» тақырыбында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Жиынға Қазақстан, ТМД елдері және алыс шетелдерден (АҚШ, Италия, Швеция, Ұлыбритания, Греция) неврология және эпилептология саласының 300-ден астам маманы қатысуда. Аталған іс-шара аясында ағымдағы жылғы 9-10 сәуірде әлемдік деңгейдегі дәрігер-эпилептологтар аурудың ауыр түріне шалдыққан науқастарға кеңес береді. Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Эпилепсияға қарсы Қазақстанның Ұлттық Лигасы, «С.Қайшыбаев атындағы неврология институты» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің неврология кафедрасы, Халықаралық эпилепсияға қарсы лиганың Еуропалық комиссиясы. Эпилепсия (қоян…

0
0
283

ҚР ДСӘДМ-де Қазақстанда эпилептологиялық көмек көрсету жүйесінің болашақтағы дамуын талқылады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова Дүниежүзілік эпилепсияға қарсы лиганың президенті, Италияның профессоры Эмилио Перукканың басшылығымен «Эпилепсия: емдеу мәселелері мен стратегиялары» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысушы делегаттармен кездесті. Салидат Қайырбекова, конференцияны өткізудің эпилепсияға шалдыққан қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуда ары қарай белсенді әріптестікті дамытуға ықпал ететініне үміт артатынын білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылып жатқанын, оның шеңберінде медициналық -санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру рөлінің күшейтілуіне, қаржыландырудың…

0
0
255

Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинаның физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштері нормативтерге сай

Қазақстанда жасөспірімдерді иммунизациялау үшін қолданылатын қызылшаға қарсы вакцинаның физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштері нормативтік талаптарға сай. Мұндай қорытындыға Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының (бұдан әрі - ДЗММБМТСҰО) мамандары келді. ДЗММБМТСҰО-ның мәліметтері бойынша, Serum Institute of India (Индия) өндірген қызылшаға қарсы моновакцинаның еріткішпен қоса 16 физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштері (көрінетін бөлшектер бойынша механикалық қосулар; ылғалдылығы; сипаттамасы; тұнықтығы; түсі, рН; алынатын көлемі; қышқылдығы немесе сілтілігі; меншікті электрөткізгіштігі; заттардың тотығуы; хлоридтер, нитраттар, сульфаттар, кальций және магний; ауыр металлдар; бактериялық эндотоксиндер;…

0
0
272

10 мыңға жуық ауыл тұрғындары «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді

ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтарының «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы жөнінде ағымдағы жылғы 16 наурыз және 6 сәуір аралығында жүргізген түсіндіру жұмысының нәтижесінде, жұмыссыздар, өздігінен өнімсіз жұмыспен қамтылған, ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік аз қамтылған тұлғалардың қатарынан 9 мың 957 қазақстандық азамат осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Жұмылдыру топтарының көмегімен тағы 1560 азамат «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде бос жұмыс орындарына орналасты. «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендерің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысынан – 6 мың 409 адам, Алматы облысынан – 1 мыңға жуық адам және Астана қаласынан – 377 азамат. Бүгінгі күні жұмылдыру топтарымен республиканың 124 ауданының 252 ауылдық округі, жоспарланған санның 60%-дан астамы қамт…

0
0
261

Астанада ЕАЭО елдерінің сарапшылары Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын талқылады

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Қазақстан, Ресей және Беларусь өкілдерінің Еуразиялық экономикалық одағы елдері еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім жобасын пысықтау мәселелері қаралған жұмыс бабындағы кездесуі өтті.

Келіссөз барысында тараптардың Келісім жобасына ескертулер мен ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ЕАЭО қатысушы елдердің азаматтары үшін ақысыз негізде медициналық-әлеуметтік сараптама (күәландыру және қайта күәландыру) жүргізу және  Еуразиялық экономикалық одағының біріктірілген ақпараттық жүйесінің қатысышы елдерінің ақпараттық сегментінде бірыңғай ақпараттық ресурсты әзірлеу мәселелері талқыланды.

0
0
200

Жыл басынан бері қазақстандықтар 195 млрд. теңге сомасында зейненақы төлемдерін алды

2015 жылғы ақпан – наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 43,7 млрд. теңге, ортақ зейнетақы төлеу үшін 151,3 млрд. теңге бөлінді.

Қазіргі кезде базалық зейнетақыны 1 млн. 952 мың адам, ортақ зейнетақыны 1 млн. 918 мың адам алады.

Базалық зейнетақының мөлшері 11 мың. 182 теңгені, базалық зейнетақы төлемдері ескеріліп зейнетақының орта  мөлшері 50 мың. 725 теңгені құрайды.

0
0
290

Шалғай орналасқан елді мекендердің 1,5 мыңнан астам тұрғындары ауылдан шықпай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу жөнінде кеңестер алды

2015 жылғы 16 және 31 наурыз аралығында республиканың шалғай орналасқан елді мекендерінде тұратын 1553 қазақстандықтар арнайы жұмылдыру топтары құрамында ауылдарға келген Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жоғарыда аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Ұйымдастырылған жұмыстың қорытындысы бойынша 1553 жүгінген азаматтардың 990-ы әртүрлі әлеуметтік төлемдерді ресімдеу мәселелері бойынша кеңес алды, 452 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 111 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 және 31 наурыз аралығында…

0
0
385

Мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында есептік құжаттама нысандарының 4 түрін қағаз жүзінде жүргізілуі жойылды

2015 жылғы 1 сәуірінен барлық мемлекеттік медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарында 4 құжат бойынша қағаз жүзінде есеп жүргізілуі жойылды. 2015 жылғы 19 наурыздағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына толықтылулар енгізу туралы» №153 бұйрығына сәйкес, медицина қызметкерлерінің автоматтандырылған жұмыс орындары бар медициналық ұйымдарында төмендегі құжаттардың электрондық түрде енгізілуі қарастырылған: - «Дәрігерлерді үйге шақыртуды жазу кітабы» 031/е нысаны; - «Емханада (амбулаторияда), диспансерде, консультацияда және үйде науқастарды қарауды есепке алу ведомосы» 039/е нысаны; - «Медициналық ұйымдарға тіркеу талоны» 057/е нысаны; - «Амбу…

0
0
431

ДСӘДМ және Астана әкімдігі халықтың денсаулығын жақсартуға және қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған меморандумға қол қойды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дуйсенова және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Астана тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға бағытталған 2 меморандумға қол қойды. Астана тұрғындарының денсаулығын жақсарту жөніндегі меморандум «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламада және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген денсаулық сақтау жүйесінің мақсаттық көрсеткіштеріне жету, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды. Бірінші кезектегі шаралар: • медициналық ұйымдардағы кезекті азайтуға; • амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен уақытылы қамтамасыз ету және атаулы болуын күшейтуге; • жедел медици…

0
0
433