Жыл басынан бері қазақстандықтар 195 млрд. теңге сомасында зейненақы төлемдерін алды
2015 жылғы ақпан – наурыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 43,7 млрд. теңге, ортақ зейнетақы төлеу үшін 151,3 млрд. теңге бөлінді.
Қазіргі кезде базалық зейнетақыны 1 млн. 952 мың адам, ортақ зейнетақыны 1 млн. 918 мың адам алады.
Базалық зейнетақының мөлшері 11 мың. 182 теңгені, базалық зейнетақы төлемдері ескеріліп зейнетақының орта мөлшері 50 мың. 725 теңгені құрайды.
