Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО-ның барлық жедел жәрдем стансаларында автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды

Батыс Қазақстан облысының барлық жедел жәрдем қосалқы стансаларында автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылды. Бұл станса қызметінің жұмысын жеделдетіп, шақырулар бойынша жету уақытын 30% қысқартуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік бағдарламаның таныстырылымы 30 сәуірде Оралда қалалық жедел медициналық жәрдем стансасында өткізілді. Аталған басқару жүйесінің арқасында оперативтік, статистикалық және әкімшілік бөлімдердің жұмысы толық автоматтандырылып, облыс орталығының жекелеген аудандары мен жалпы қала бойынша оперативтік ахуалдың көрінісі және бақылау қамтамасыз етіледі. Бағдарлама өңірдің барлық қосалқы стансаларында орнатылды.

Шақырулар картасын автоматтандырылған өңдеу негізінде бастапқы диагностиканың нысандандырылған алгоритмдері және шақыруларға қызмет көрсетуді оперативті бақылау есебінен медициналық қызмет көрсету сапасы артады.

Сонымен қатар, шақыруларға қызмет көрсету нәтижелері және бригадалар жұмысының хронологиясы, оның ішінде жырақтағы қосалқы стансалардан берілетін мәліметтер жинақталады.

 
0
0
316

Осы тақырып бойынша