10 мыңға жуық ауыл тұрғындары «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдірді
ҚР ДСӘДМ жұмылдыру топтарының «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы жөнінде ағымдағы жылғы 16 наурыз және 6 сәуір аралығында жүргізген түсіндіру жұмысының нәтижесінде, жұмыссыздар, өздігінен өнімсіз жұмыспен қамтылған, ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік аз қамтылған тұлғалардың қатарынан 9 мың 957 қазақстандық азамат осы бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Жұмылдыру топтарының көмегімен тағы 1560 азамат «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде бос жұмыс орындарына орналасты.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға ниет білдіргендерің басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысынан – 6 мың 409 адам, Алматы облысынан – 1 мыңға жуық адам және Астана қаласынан – 377 азамат.
Бүгінгі күні жұмылдыру топтарымен республиканың 124 ауданының 252 ауылдық округі, жоспарланған санның 60%-дан астамы қамтылды.
Бұрын хабарланғандай, жалпы Қазақстан бойынша құрамында 441 қызметкері бар 178 жұмылдыру тобы құрылған. Жұмыссыздық деңгейі жоғары, өздігінен өнімсіз жұмыспен қамтылған, әлеуметтік аз қамтылған тұлғалары көптен саналатын, сондай-ақ халықтың «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысу деңгейі төмен 181 ауданның 404 ауылының тұрғындарын қамту жоспарлануда. Жұмылдыру топтарының жұмысы ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін жалғасады.
