ДСӘДМ және Астана әкімдігі халықтың денсаулығын жақсартуға және қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған меморандумға қол қойды
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дуйсенова және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Астана тұрғындарының денсаулығын жақсартуға, жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қолдауға бағытталған 2 меморандумға қол қойды.
Астана тұрғындарының денсаулығын жақсарту жөніндегі меморандум «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламада және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген денсаулық сақтау жүйесінің мақсаттық көрсеткіштеріне жету, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.
Бірінші кезектегі шаралар:
• медициналық ұйымдардағы кезекті азайтуға;
• амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен уақытылы қамтамасыз ету және атаулы болуын күшейтуге;
• жедел медициналық көмек көрсетудегі кешіктірулерді төмендетуге;
• азаматтарды қайта госпитализациялауды төмендетуге бағытталған.
Нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы болуын күшейту және қала тұрғындарын әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі меморандум халықтың нысаналы топтарын нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмау, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы болуын күшейту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмек көрсету арқылы Астана қаласы тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында қабылданды.
Меморандумдардың қолданасының мерзімі – 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
