Қазақстанда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өтеді
2015 жылдың 1-10 сәуірі аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде «Үйлесімді тамақтану – денсаулық негізі!» ұранымен мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік өткізіледі. Онкүндік шеңберінде тамақ өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін бақылау, оқушыларды ыстық тамақпен және қауіпсіз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек столдар және баспасөз коференциялары; мектептерде тыйым салынатын тамақ өнімдерінің сатылмауын қадағалау және бақылау жөніндегі қоғамдық рейдтер; дұрыс тамақтануды ұйымдастыру бойынша медициналық қызметкерлер мен аспаздарға арналған семинар-тренингтер, «Витаминдер және денсаулық», «Денсаулыққа пайдалы тамақ өнімдері» тақырыбындағы фотоконкурстар және т.б. шаралар өтеді. Тамақтану бала ағзасының өсуі мен дамуының маңызды факторы екенін естеріңізге са…