Мазмұнға өту
KZPP

КЗПП МНЭ РК

@KZPP

Сайтта 2014 ж. 27 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

205

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

ТҚҚК аумақтық органдарының Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексереді

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.М. Бекшин Комитеттің аумақтық органдарының Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексереді Сапар барысында Универсиада объектілеріне бару жоспарланып отыр. Аумақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және Ұлттық сараптама орталығының Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалдары, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығы», «М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» басшыларымен және бекітілген мамандарымен Комитеттің алға қойған міндеттерін іске асыру мәселелері, оның ішінде тұтынушылардың құқықтар…

0
0
493

Астананың АЖҚС-тарындағы бензиннің сапасын ТҚҚК тексерді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы қараша- желтоқсан айларында Астана қаласындағы «Sinooil» ЖШС-ның (Қорғалжын тас жолы, 116, Кравцов көшесі, 8), «Новая АЗС» ЖШС-ның (Қосшығұлұлы көшесі, 3, «Compass» АЖҚС), «Газпром нефть Казахстан» ЖШС-ның (Бөгенбай батыр даңғылы, 24), «Ойл» ЖШС-ның (С. Сейфуллин көшесі, 63/4), «Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС (Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) автомобильге жанар-жағармай құю станцияларындағы автомобиль бензині мен дизель отынының сапасына мониторинг жүргізді. Сынақ зертханалары автомобиль бензинінің 13 сынамасын зерттеді, оның ішінде бензиннің 3 сынамасы (23%): «Газпром-Омский НПЗ» АҚ өндірген («Ойл» ЖШС-ның АЖҚС, С. Сейфуллин көшесі, 63/4), «Башнефть» ААҚ өндірген («Номад Ойл» ЖШС-ның АЖҚС,…

0
0
433

Қазақстан Республикасында инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

2016 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай жалпы тұрақты. Халық арасында тырысқақпен, обамен, паратифтармен, дифтериямен, полиомиелитпен, пастереллезбен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ. Қызамықпен, іш сүзегімен, сіреспемен, туляремиямен, құтырумен, безгекпен сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді. 2015 жылмен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 19,5 есеге, менингококк инфекциясының 3,6 есеге, дизентерияның 39,8%-ға, бруцеллездің 22,7%-ға, сальмонеллездің 14,2%-ға, жіті ішек инфекцияларының 9%-ға, тыныс алу органдары туберкулезінің 8,7%-ға, ротавирустық энтериттердің 4,9%-ға, жіті вирустық гепатиттердің 4,7%-ға төмендегені байқалды. Сонымен қатар А вирустық гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 1…

0
0
340

ЭКО — құпия қару!

Өндірушілер өз өнімдеріне назар аудартуға және олардың тамақтары немесе косметикасы «табиғи және экологиялық» болып табылады деп болжауға негіз болатындай етіп тауарларды әртүрлі атаулармен таңбалау арқылы сатылымын арттыруға ұмтылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өткізілу сатысында импорт тамақ өнімдерінің «ЭКО», «БИО», «Organic» таңбаларымен таңбалануының және олардың органикалық немесе экологиялық таза жағдайда алынғаны туралы басқа да нұсқауларын тексеру бойынша жұмысты күшейтті. Сол уақытта Комитет импорт өнімдерінің экспорттаушы елдің уәкілетті органы инспекциясының сертификаттарынсыз өткізілу, Қазақстан Республикасында сәйкестік (бағалау) рәсімдерінен өту құжаттары туралы мәліметтердің болмау фактілері бойынша өндірушілерге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүш…

0
0
470

Байқаңыздар БАҚ!

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) бұқаралық ақпарат құралдарын және интернет-ресурстарды мониторингілеу қорытындысы бойынша мынадай тіркелмеген БАҚ-тар анықталды: 1) Бальзам «Мадерия с Лицетином»; 2) Алкостопин Форте; 3) «Литомасло «Мужская сила»; 4) Сироп «Дианормин Ультра»; 5) Капли для глаз при глаукоме и катаракте, усталости глаз «ITONE/Айтон»; 6) «СаганДали». Жоғарыда аталған БАҚ-тар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында анықталды және «Арна тв» (еженедельная газета для всей семьи) газетінде, «Караван» газетінің 2016 жылғы 21 қазандағы №41 (475), «Шахтинский вестник» газетінің 2016 жылы 14 қазандағы басылымында жарияланған. Комитет аталған БАҚ-тарды сатып алмауды сұрайды, өйткені олар адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүм…

0
0
326

ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Республикада бақылаудағы деңгейінен аспайтын ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүзеге асырылады. Эпидемиялық маусымнан бастап (2016 жылғы 1 қазаннан бастап) 13 қаңтарға 280 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның 1102 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді. ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың негізгі үлесін (65 %) балалар құрайды, 1 жасқа дейінгі балаларға ЖРВИ-дың 10%-ы, жүкті әйелдерге 4%-ы келеді. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 18%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар 11%-ды құрады. Тұмаудың негізгі асқынуы пневмония болып т…

0
0
531

Жалған сары май фактісі бойынша

Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «VKV Company» ЖШС - нің «Крестянское» (72,5%, 0,5 кг. орамадағы, өндірілген уақыты 03.10.2016 жыл), «Крестянское» (82,5%, 0,2 кг. орамадағы, өндірілген уақыты 10.11.2016 жыл) және «Коровье» (82,5%, 0,5 кг. орамадағы, өндірілген уақыты 28.10.2016 жыл) тәттіленген тұздалмаған сары майлары үлгілерінің жалғандығын анықтау фактілері бойынша тексеруді аяқтады. Тексеру барысында, жеке кәсіпкердің «Слуцкий сыродельный комбинат» ААҚ және «Лепельский МКК» ААҚ табиғи сары майдың беларуссиялық өндірушілерінің тауар белгісін пайдалана отырып, өсімдік майы қосылған сары май (спред) өндіргендігі және сатқандығы анықталды. Сондай-ақ, өнімнің таңбалауында оның өндірушісі, атауы мен құрамы, дайындаушының атауы және орналасқан орны жөнінде сенімсіз…

0
0
405

Заңсыз әкелу

2016 жылы жүзеге асырылған камералдық бақылау қорытындысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 32 жосықсыз сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны анықтады, олар шартты шығару режимінде «балалар ойыншықтарын», «тамақ өнімдерін», «халық тұтынатын тауарларды» сәйкестігін растайтын рәсімсіз, яғни сертификаттарсыз және декларациясыз әкелген. Импорттаушылардың сертификаттау рәсімінен жалтаруы аталған өнімдердің техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтінін білдіреді, осылайша елдегі тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының аумағына өнімдерді әкелуді реттейтін заңнаманы бұзушылар тізімі Комитеттіңсайтындағы Камералдық бақылау бөлімінде орналастырылған. Қасақана бұзушылардың бірі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы…

0
0
207

БАҚ алаяқтық па немесе панацея ма!

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мониторингілеу кезінде «Страничка здоровья» газетінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 10 (46), «Жаркент-инфо» газетінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 10 (107), «Шахтинский вестник» газетінің 2016 жылғы 14 қазандағы № 41, «Караван» газетінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 41 (475) басылымдарында мынадай: - «Саган Дали» продлевающий жизнь, возвращающий здоровье; - «Аденома и Простатит! Сколько можно терпеть?!»; - «RESERVE+FINITI» Борьба с гепатитом и циррозом стала реальностью!; - «Глюкобитон» Диабетики должны знать!; - «Кардиалон» Гипертания, ИБС, инсульт!; - «Гепагент» гепатит, цирроз быть или не быть!; - «АртроСила» продли активные годы жизни!; - «Дианормин УЛЬТРА» противодиабетический; - Крем «Эффектум» бальные суставы? Их легко можно восстановить!; - ка…

0
0
447

Цемент бұрынғы цемент емес!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс нарықтарында өткізілетін цементтің сапасына мониторинг жүргізу барысында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін цементтің өткізілетін анықталды. Аккредиттелген сынақ зертханалары цементтің 4 сынамасына зерттеу жүргізді, олар мынадай көрсеткіштер: - иію кезінде және 28 тәуліктегі сығымдау кезінде беріктік шегі («Central Asia Cement» АҚ өндірген); - 28 тәуліктегі сығымдау кезінде беріктік шегі («Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС, «Семей цемент зауыты өндіріс компаниясы» ЖШС өндірген) бойынша МЕМСТ талаптарына сәйкес келмейді. Бұдан басқа, цементтің таңбалау бойынша сәйкес келмейтіні анықталды – дайындалған күні жоқ. Цементтің химиялық және минера…

0
0
388