Қазақстан Республикасында инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай
2016 жылдың қорытындысы бойынша республикадағы инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай жалпы тұрақты.
Халық арасында тырысқақпен, обамен, паратифтармен, дифтериямен, полиомиелитпен, пастереллезбен сырқаттану жағдайлары тіркелген жоқ.
Қызамықпен, іш сүзегімен, сіреспемен, туляремиямен, құтырумен, безгекпен сырқаттанушылықтың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.
2015 жылмен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылықтың 19,5 есеге, менингококк инфекциясының 3,6 есеге, дизентерияның 39,8%-ға, бруцеллездің 22,7%-ға, сальмонеллездің 14,2%-ға, жіті ішек инфекцияларының 9%-ға, тыныс алу органдары туберкулезінің 8,7%-ға, ротавирустық энтериттердің 4,9%-ға, жіті вирустық гепатиттердің 4,7%-ға төмендегені байқалды.
Сонымен қатар А вирустық гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткіштерінің 10,9 %-ға, геморрагиялық қызбалардың 13 жағдайға, литериоздың 12 жағдайға, лептоспироздың 10 жағдайға, кене энцефалитінің 8 жағдайға өскені байқалады.
2016 жылы республикада күйдіргінің 19 жағдайы тіркелді. Барлық жағдайларда тұрғындардың ауру жұқтыру көзі ауру жануар болған, ал жұқтыру себебі – ветеринариялық қаралмаған ауру жануарларды союға қатысу және инфекция жұқтырған етті тамаққа пайдалану болған. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды және жүргізілді.
http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6788
