Жалған сары май фактісі бойынша
Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «VKV Company» ЖШС - нің «Крестянское» (72,5%, 0,5 кг. орамадағы, өндірілген уақыты 03.10.2016 жыл), «Крестянское» (82,5%, 0,2 кг. орамадағы, өндірілген уақыты 10.11.2016 жыл) және «Коровье» (82,5%, 0,5 кг. орамадағы, өндірілген уақыты 28.10.2016 жыл) тәттіленген тұздалмаған сары майлары үлгілерінің жалғандығын анықтау фактілері бойынша тексеруді аяқтады.
Тексеру барысында, жеке кәсіпкердің «Слуцкий сыродельный комбинат» ААҚ және «Лепельский МКК» ААҚ табиғи сары майдың беларуссиялық өндірушілерінің тауар белгісін пайдалана отырып, өсімдік майы қосылған сары май (спред) өндіргендігі және сатқандығы анықталды. Сондай-ақ, өнімнің таңбалауында оның өндірушісі, атауы мен құрамы, дайындаушының атауы және орналасқан орны жөнінде сенімсіз ақпарат көрсетілген, бұл тұтынушының сатып алатын тауары жөнінде анық ақпаратты алу құқығын бұзу болып табылады. Жалпы жалған (бұрмаланған) өнімнің бумадағы саны 3505 - 1256 кг-ды құрап отыр.
Осы анықталған фактілер бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы және техникалық регламенттер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін бұзуына байланысты, жосықсыз кәсіпкерге әкімшілік іс-шаралар қолданылды.
Қазіргі уақытта Департамент нұсқамасымен «VKV Company» ЖШС-гі тарапынан өндірістегі санитариялық бұзушылықтарды жою және сәйкес емес тағамдарды айналымнан алып тастау іс-шаралары өткізілуде.
http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6743
