Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ТҚҚК аумақтық органдарының Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексереді

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.М. Бекшин Комитеттің аумақтық органдарының Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексереді

 

Сапар барысында Универсиада объектілеріне бару жоспарланып отыр. Аумақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және Ұлттық сараптама орталығының Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалдары, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми практикалық орталығы», «М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» басшыларымен және бекітілген мамандарымен Комитеттің алға қойған міндеттерін іске асыру мәселелері, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары мен ұйымдарының күшінің және құралдарының дайындығы, санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін өткізу, зертханаларды жабдықтармен, аспаптармен, шығыс материалдарымен және басқ. жарақтау мәселелері бойынша шұғыл отырыстар өткізілетін болады.

Бұдан басқа Алматы қаласының Халықаралық әуежайындағы санитариялық-карантиндік пункттердің (СКП) алыс және жақын шетелден Универсиадаға келетін қатысушыларды аса қауіпті инфекцияларды әкелу жағдайына бақылау бойынша дайындығы тексерілетін болады.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6826

0
0
494

Осы тақырып бойынша

ТҚҚК аумақтық органдарының Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік 28-ші қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу кезеңінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексереді - Yvision.kz