Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЭКО — құпия қару!

Өндірушілер өз өнімдеріне назар аудартуға және олардың тамақтары немесе косметикасы «табиғи және экологиялық» болып табылады деп болжауға негіз болатындай етіп тауарларды әртүрлі атаулармен  таңбалау арқылы сатылымын арттыруға ұмтылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өткізілу сатысында импорт тамақ өнімдерінің «ЭКО», «БИО», «Organic» таңбаларымен таңбалануының және олардың органикалық немесе экологиялық таза жағдайда алынғаны туралы басқа да нұсқауларын тексеру бойынша жұмысты күшейтті.

Сол уақытта Комитет импорт өнімдерінің экспорттаушы елдің уәкілетті органы инспекциясының сертификаттарынсыз өткізілу, Қазақстан Республикасында сәйкестік (бағалау) рәсімдерінен өту құжаттары туралы мәліметтердің болмау фактілері бойынша өндірушілерге, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына Қазақстанның тұтынушылық нарығын тиісінше қорғау шараларын қабылдау туралы хабарлама жібереді.

Бұдан басқа, жосықсыз өнім берушілерге мен сауда желілеріне қатысты әкімшілік сипаттағы, оның ішінде сәйкес келмейтін өнімдерді сатылымнан алып қою шаралары қолданылатын болады.

Өз кезегінде, жүргізілетін жұмыс ақпараттық сипатта болады және тұтынушылардың сол немесе өзге тауарды таңдауға аса жауаптылықпен келуге және ойланып барып таңдау жасауына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп сәйкес келмейтін (оның ішінде органикалық) өнімдердің тізілімі, сыртқы экономикалық қызметтің жосықсыз қатысушыларының тізілімі жүргізіледі.

Интернет ресурс арқылы іске асырылатын барлық іс-шаралар тұтынушыларға таңдау жасауға, ал өндірушілер мен сауда желілеріне тиісті іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6779

0
0
471

Осы тақырып бойынша

ЭКО — құпия қару! - Yvision.kz