ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Республикада бақылаудағы деңгейінен аспайтын ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Жедел эпидемияға қарсы шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүзеге асырылады.
Эпидемиялық маусымнан бастап (2016 жылғы 1 қазаннан бастап) 13 қаңтарға 280 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы, оның 1102 зертханалы дәлелденген тұмау жағдайы тіркелді.
ЖРВИ-мен сырқаттанғандардың негізгі үлесін (65 %) балалар құрайды, 1 жасқа дейінгі балаларға ЖРВИ-дың 10%-ы, жүкті әйелдерге 4%-ы келеді. Барлық ЖРВИ-мен сырқаттанғандар ішінде оқушылардың үлес салмағы 18%-ды, тұмаумен сырқаттанғандар 11%-ды құрады.
Тұмаудың негізгі асқынуы пневмония болып табылады, ол көбіне қауіпті топқа жататындар арасынан байқалады. Эпидемиялық маусым басталғаннан бастап пневмонияның 6 мыңнан астам жағдай тіркелді, оның 75% 14 жасқа дейінгі балалар арасынан тіркелді.
Оқушылар арасында топтық сырқаттанушылық тіркелген жоқ, білім беру ұйымдарында оқу процесі тоқтатылған жоқ.
Комитеттің зертханалық қызметі тұмау вирусының және басқа да тұмау емес инфекциялардың айналымына мониторингті жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта тұмаудың A/H3N2 (54%-ы) вирусы және В (46%-ы) вирустарының айналымы анықталды. Бұдан басқа алдыңғы жылдардағыдай ҚР аумағында парагрипп, респираторлық-синцитиалды, метапневмовирусты, бокавирусты, риновирусты және аденовирусты сияқты тұмау емес инфекциялардың айналымы байқалады.
ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану көтерілген кезеңде бірінші кезекте мынадай арнайы емес профилактика шараларын сақтау қажет:
- өз-өзіңізді емдеумен айналыспай, респираторлық аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігерге жүгіну;
- ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеу;
- үйде науқас адам болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетперде пайдалануы қажет. Үй-жайды жиі желдету және барлық беттерді сүрте отырып, ылғалды жинау жүргізу;
- иммунитетті жақсарту препараттарын (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпамайлар (оксалин, антивир және т.б.), поливитаминдер пайдалану;
- қолды сабынмен жиі және тұрақты жуу, ең жақсысы - сырқаттанған кезде немесе науқасты күткен уақытта антисептикпен жуу керек;
- витаминдер мен ақуызға бай, иммунитетті арттыратын тағамдарды (пияз, сарымсақ, шөптен, итмұрыннан жасалған сусындарды және қарақат, ашытқан қырыққабат, цитрус сияқты құрамында С витамині көп өнімдерді) қолдану;
- сауықтыру жаттығулар: жүгіру, ұзақ қашықтыққа жүру, күнделікті шынығу, тыныс алу жаттығулары (әсіресе таза ауада, орманда, саябақта), жүзу, моншаға бару керек. http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6758
