ЖРВИ және тұмау бойынша жағдай
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі туралы хабарлайды. Ағымдағы жылы республика бойынша тұмауға қарсы барлығы 2 млн-нан астам қауіпті топ адамдар (созылмалы өкпе, жүрек-тамыр сырқаттануымен, иммундық жетіспеушілігімен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина өызметкерлері және жүкті әйелдер) егілді. Қазір тұмауға қарсы егілу аяқталғанына байланысты мынадай арнайы емес профилактика шараларын сақтау қажет: - өз-өзіңізді емдеумен айналыспай, респираторлық аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігерге жүгіну; - ауырған адамдармен қарым-қатынасты шектеу; - үйде науқас адам болған жағдайда оны оқшаулауды қамтамасыз ету, науқас және сау адамдар да бетперде пайдалануы қажет. Үй-жайды жиі желдету және барлық беттерд…